• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2010

АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНАТЫН АЙТАМЫН

366 рет
көрсетілді

Редакцияға хат Мен өзімнің күні бүгінге дейін бұл тақырыпты қозғаған хатта­рым­ды көптеген құзырлы орган­дарға жолдап, өмірдің өз өзегінен туын­­даған ұсыныстарымды тапсы­рып едім. Өкінішке қарай, солар­дың бірде-бірінен өзімді және ме­нен қолдау күтіп отырған мың­да­ған зейнеткерлерді қанағаттанды­ра­тын тұшымды жауап ала алма­дым. Сон­­­дықтан ақырғы жүгінер нүктем ретінде республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің редакциясына хат жазуға мәжбүр болдым. Баршаңызға белгілі, еліміз еге­мендік алған сонау 90-ыншы жыл­­­дардың ба­сында жаппай на­рықтық қатынас­тар­ға көштік те, жұрттың нәпақа айы­рып отырған колхоздары мен сов­хоздары бір сәтте жекешелен­ді­ріліп, олардың орындарында әр­түрлі көлем мен деңгейдегі ша­руашылық құры­лымдары пайда болды. Ең қиыны, бұрыннан келе жатқан іргелі ша­руашылықтардың бұлайша көп­­теген ұсақ шаруа қо­жалықтарына бөлініп кетуі олар­дағы жылдар бойы қалыптасқан бухгалтерлік есептік жүйенің кілт тоқтауына апарып соқтырды. Өз кезегінде бұл іркілістер тәуелсіз елі­мізде қабылданған жаңа заң­дарға сәйкес қолданысқа енгізіле бастаған жасы жеткен кісілерге зейнетақы бел­гілеу үдерісіне үлкен залал келтіре бастады. Соның сал­дарынан ау­ылдық жерлерде тұ­рып, бүкіл са­налы ғұмырларын ауыл шаруа­шы­лығына арнаған, таңның аты­сынан күннің баты­сына дейін бел жазбай еңбек етіп, бейнетті бел­шеден кешкен адам­дар­дың зей­нетке шығулары қи­ындап қалды. Бұл жағдай, әсіресе, 1940 жылдан кейін дүниеге келіп, зейнет жа­сына жеткендерге ай­рықша қатты батып тұр. Қазір арада өткен қаншама жыл­дардың биігінен қарасақ, біз­дің бәріміздің бұл тұрғыда ой­ла­нып, мәселеге қайта орала­тын­дай себебіміз бар екеніне анық көзіміз жетер еді. Өз кезегімде мен әл­гінде айтқан 1940 жылдан бастап туған кісілердің зейнет­ақы­ларын алдыңғы толқынға те­ңес­тіру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынар едім. Біріншіден, бұл санаттағы кі­сілердің мұрағаттардан 1995 жылға дейінгі соңғы 1-3 жылдық айлық табыстары туралы анықтамалары алынып, тұрғылықты жерлеріндегі әлеуметтік мекемелерге тапсыру­ла­ры жүзеге асырылса. Екіншіден, әлеуметтік мекемелер олардың сол әкеліп тапсырған анықтама­ла­ры негізінде қайта есеп жасап, ор­таша айлық табыстарының мөл­шер­лерін анықтаса. Міне, осы екі тармақтан тұратын ұсыныстар орындалып жатса, біздің баяғыдан бері көтеріп жүрген өзекті мәсе­­­леміздің өтімі келіп, өркені жа­йылар еді. Зейнетақы белгілеуде, меніңше, тағы бір рет осындай зейін керек болып тұр. Жақсымбек ӘБІЛОВ, зейнеткерлер құқығын қорғау қоғамдық комитетінің төрағасы. АЛМАТЫ.