• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2015

Дағдарыстан дамуға жол табайық

400 рет
көрсетілді

Нұрбек АЙЫМБЕТОВ, «Арал Сервис дайындау орталығы» ЖШС бас директоры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз бұрын елде әлде­қандай экономикалық қиындық орнай қалса, оны халыққа тура айтатынын мәлімдеген еді. Қазақ­стан жаңа экономикалық саясатқа көшкенін білеміз. Осыған орай Мем­лекет басшысы Үкімет мүше­­лерімен және еліміздегі ірі кәсіп­керлермен кездесті. Кездесу барысында қазіргі экономикалық жағдайға байла­ныс­ты қадау-қадау мәселелер айтылды. Ең алдымен мұндай жағдай­ға мәжбүрліктен барып отыр­ға­ны­мызды айту керек. Өйткені, әлем­дік экономикалық дағдарыс қан­ша бағынбаймын десең де өз де­генін жасайды. Сондықтан, Қазақ­станның алдында үш таңдау тұрды. Бірінші, ештеңе істемей, теңге бағамын ұстап тұру және жағдайдың жақсарғанын күту. Бірақ, мұндай саясаттың өтемі де оңай емес еді. Өйткені, оның соңы өндірісті қысқартып, жұмыс орындарынан айырылуға және алтын-валюта қорын түгесуге әкеп соғатын. Екінші, теңге бағамын біртіндеп әлсірету. Сыртқы нарықтардағы ахуал нашар әрі белгісіз болып тұрғанда мұндай жол да алтын-валюта қорын көп шығындайды. Сондықтан, қолда бар мүмкіндіктердің бәрін есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін айырбас бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге көшу дұрыс деп танылған. «Бүгінгі таңда бізде бұдан басқа балама болған жоқ. Біз барлық бағдарламаларымызды басқаша жоспарлағанымызды білесіздер. Алайда, дағдарыс әрқашан өз түзетуін енгізеді. Дегенмен, біз жағдайдың бұлайша өрбуіне де дайындалдық. Индустриялық-инновациялық бағдарлама және өңдеуші өнеркәсіпті кеңейту, Ұлт­тық қор құру – осының бәрі осын­дай ахуалға күні бұрын жасал­­ған дайындық», – деді Елбасы. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұдан да зор дағдарыстардан аман шыққан. Сол себепті бүгінгі жағдайдан аса бір қорқыныш тумаса керек. Ең бастысы, елдің тыныштығы мен бейбітшілігі. Өйткені, дағдарыс келеді, кетеді. Ал мемлекет – мәңгілік. Қызылорда облысы.