АСТАНА. 31 наурыз. Орал қаласында учаскелік полицей өзінің Volkswagen маркалы көлігімен бір әйелді қағып кетіп, соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.
Қайғылы жағдай 28 наурыз күні қала маңындағы Зашаған ауылында орын алған.
Қаза болған әйел сол маңдағы супермаркетте жұмыс істейтіні, ол түнгі мезгілде жұмыстан шығып, үйіне қайтып бара жатқаны белгілі болды.
Қазіргі таңда мамандар медициналық сараптама жүргізу үстінде. Әзірге анық болғаны, полицей көлік басқарған уақытта алкогольді ішімдік пайдаланбаған.
Талғат Райымбек.
Дерек; mgorod.kz.
сурет; pavon.kz.