• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2015

Тәжікстанда хиджаб кигендер қатаң бақылауға алынбақ

538 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 наурыз. Тәжікстандағы Ходжанд қаласының мэрі Раджаб Ахмадзода шұғыл жиын өткізіп, оған тиісті бөлімдер мен иога дінінің қызметкерлері қатысты. Бұл туралы news.tj хабарлады. Жиында қала мэрі құқық қорғау қызметкерлеріне қатаң тапсырма жүктеді. Онда дәстүрлі дінді ұстанатын жастар мен әйелдердің жүріс-тұрысын, хиджаб кию үлгісін бақылауда ұстау қажеттігі айтылды. Тұрғындардың экстремистік ағымның жетегіне еріп кетпеуін қамтамасыз етіп, ұлттық үлгіде киініп жүруін тапсырды. Сондай-ақ, қала басшылығы арнайы рейд ұйымдастырып, тіпті базарлардағы киім саудасын назарда ұстау қажеттігін ескертті. Мәселен, Иран мен Ауғаныстаннан әкелінетін киімдерді сатпауға тыйым салуды тапсырды. Ал қалалық ішкі саясат бөлімі мен иога дін істері қызметкерлері әр жұма сайын мешіттерге барып Ханифа мазхабындағылардың «Салафи» ағымына өтіп кетпегендігін анықтау жөнінде тапсырма алды. Санымен қатар, қала мэрі қыз-келіншектермен кездесу ұйымдастырып, ұлттық мәдениетке сай келетін киім үлгісін киюді насихаттау қажеттігін тиісті орындарға тапсырды. Жиында көтерілген мәселелер ақпарат құралдары арқылы таратылатын болды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: news.tj.