• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда инспекция басшысы тағайындалды

514 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 31 наурыз. Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен Сұңғат Рақымжанов «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сұңғат Ертайұлы 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. Семей мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін тарих пәнінің мұғалімі, темір жол көлігінде тасымалдарды ұйымдастыру және басқару жөніндегі инженер, сондай-ақ, мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы «Е.А.Рақымжанов» жеке кәсіпкерлігінің коммерциялық директоры болып бастаған. С.Рақымжановтың атқарған қызметтері: 2005-2007 жылдары пойыздарды құрастырушы, Көкшетау қаласы стансасының кезекшісі; 2007-2008 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау басқармасының өткізу бекеттерінің көлік бақылау бөлімінің жетекші маманы; 2008-2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының темір жол, әуе және су көлігі бөлімінің бастығы; 2009-2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының көлік-коммуникация кешенінде бақылау бөлімінің жетекші маманы; 2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитеті автомобиль көлігінде бақылау басқармасының сарапшысы; 2013-2014 жылдары – көліктегі мониторинг және бақылау басқармасының сарапшысы, Павлодар облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитетінің көліктегі мониторинг және бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2014 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік бақылау комитетінің жағдайлар орталығының бас сарапшысы болып қызмет істеген. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.