• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2015

Тігінші кәсібін қайта жаңғыртты

342 рет
көрсетілді

Исатай ауданындағы Х.Ер­ғалиев ауылында тұратын Алмагүл Сакупова бұрын тұр­мыстық қызмет көрсету комбинатында тігінші болған екен. Комбинат ғимараты жеке­шелендірілгеннен кейін жұмыс­сыз қалыпты. Үйреншікті кәсі­бін қайта жаңғыртуды көздеген тәжірибелі тігінші Ауыл ша­руашылығын қаржылай қолдау қорына жүгініп, 1,5 миллион теңге несие алуға өтініш беріпті. Қор басшылығы ауылдағы тігіншінің талпынысына қолдау көрсетті. Осы­лайша, 6 пайыздық өсім­мен қайтарылатын несиеге қол жеткізді. Сонан соң бас­панасының екі бөлмесінен тігін шеберханасы мен шаштараз салонын ашты. Қазір тігіншінің «Үміт» деп аталатын тігін шеберханасына Меңсұлу Жароллина, Тілекші Әбілова мен Нұржамал Қадірова тұрақты жұмысқа алынды. Олар тапсырыспен қыз жасауын, төсеніш және жамылғы көрпелер секілді күнделікті тұтынатын бұйымдар тігуді бас­тады. «Ауылдастарымыздың сұранысымен киімдерді тарылту, қысқарту, әйелдерге арналған көйлектер тігуді де бастадық. Енді текемет басуды қолға алып, ұлттық қолөнерді дамытсақ дейміз. Мұндай істерге балаларым да бейім. Ұлдарым шаш қияды, қыздарым тігін тігеді», дейді өмірлік серігі Есенғали Науановпен бірге 8 бала тәрбиелеп, «Алтын алқаға» ие болған тігінші Алмагүл Сакупова. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.