• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2015

1 000 000 теңге сыйақы беріп марапаттады

290 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Бразилияның Сальвадоре-де-Бая қала­сында еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүл­дегері Бақдәулет Әлмен­тайды арнайы қабылдады. Бақдәулет – талантты балуан. Алғашқы кездесуінде жапон балуанын айқын жеңген жігітіміз финалға шығатын кезеңде ғана әзербайжан балуанына жол берген. Ал, қола медаль үшін күресте қарсыласын еркін еңсерді. – Еркін күрес Олимпиада ойындарының шырайын ашатын спорт түрлерінің бірі, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев. – Қазақстанның еркін күрес тарихында олимпиада ойындары және әлем чемпионаттарында қазақ жастарынан алтыннан олжа салған оғландарымыз болмай тұрғандығы ойландырады. Бақдәулет сияқты мықты балуандар осы межені алады деп сенеміз. Бүгінде оңтүстіктің төрт спортшысы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Әлем чемпионатының жүлдегеріне 1 млн. теңгенің сертификатын ұстатқан облыс әкімі Олимпиада ойындарына баратын барлық спортшыларға керек жағдайдың бәрі жасалатындығын айтты. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.