• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2010

Ұтымды ұсыныстар айтылды

446 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында Мәде­ниет министрлігінің Тіл комитеті мен облыс әкімдігінің ұйымдас­ты­руы­мен “Тілдерді қолдану мен да­мытудың 2011-2020 жылдарға ар­налған бағдарламасының” жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізіліп, оған сан алуан саладағы тіл жанашырлары қатысты. Тіл жанашырларының басқо­суын қала әкімі М.Жайымбетов кі­ріспе сөзбен ашып, Сыр аймағын­да­ғы мемлекеттік тілдің ахуалы елі­міздің өзге аймақтарына қарағанда әлдеқайда тәуір екендігін баса айт­ты. Мұнан соң Мәдениет министр­лігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров пен Астана қа­ла­сындағы тілдерді дамыту бас­қар­ма­сы “Руханият” орталығының ди­ректоры Ербол Тілешов жаңа бағ­дарламаға егжей-тегжейлі тоқта­лып, бүгінгі таңда осы бағдарла­ма­ны жүзеге асыруда жүргізіп жа­тыр­ған жұмыстарға тоқталды. Тіл жан­ашырларын осы бағдарламаға бай­ланысты ұсыныс-пікірлерін бояма­сыз баян етуге шақырып, олардың ұсыныстары бағдарламаға өзгерту­лер мен толықтырулар енгізілетін кезінде ескерілетіндігін ескертті. Бағдарламаны талқылауда ал­ғаш­қы болып сөз алған Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік универси­тетінің ұстаз-ғалымы, филиология ғылымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы жобадағы “орыс ті­лі­нің бұрынғы функциясын (қыз­ме­тін) сақтай тұруға” деген байламға түсінбегенін, мұның өзі қазақ тілі­мен жағаласуға апарып соқтырмай ма деген ойын айтып, мемлекеттік тіл жөнінде ҰБТ қабылдау ғана емес, қайта талапкерлерді ауызша сөйлету, шығарма жаздыруды қолға алу жайлы ұсынысын білдірді. Ал, осы уни­верситеттің жанындағы Қорқыттану ғылыми-зерттеу инс­ти­тутының директоры Бағдат Кә­рі­бозұлы қазақ тілі пәнінің прак­тикалық оқуын барлық оқу орын­дарына енгізу, мемлекеттік тіл ту­ра­лы заң қабылдау қажеттігін баса айтты. Ал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының мең­герушісі Асылбек Жұмабаев, “Өзбек” этномәдени бірлестінігің төрағасы Ашур Хамидов, “Қоғам ТД” телеар­на­сының тілшісі Елена Рыбиналар Сыр аймағында өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігі мемлекет­тік тілді мең­гергендіктерін мақ­та­нышпен айтып, “Өз Отаныңның тілінде сөйлеу – аза­маттық пары­зымыз. Қазақстан Рес­публикасы­ның азаматы болып тіркелді екен­сің – мемлекеттік тілді меңгеру міндет” деп ойларын түйіндеді. Дөңгелек үстелде “Мемлекеттік тіл қозғалысы” облыстық филиалы­ның төрағасы Ш.Әбдікәрімов, жур­налист А.Сақыпұлы, тіл жанашыры Р.Әбдірелер де өз ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныстарын Үкі­мет назарына ұсынды. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда.