• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2010

Күншуақтың шуағы...

493 рет
көрсетілді

Шығыстағы ең ірі балабақша-бөбекжай мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатып келеді... “Күншуақ” балабақша-бөбек­жайының ашылғанына төртінші жыл. Қазір онда 500-ге жуық бө­бек тәрбиеленіп жатыр. Балабақ­шаны ҚР Білім беру ісінің үздігі, осы салада 27 жыл бойы жемісті қызмет етіп келе жатқан, іскер ұстаз Тілеу­кеш Ысқаққызы Жәнібекова бас­қарады. Кенді Алтайдағы ең ірі бө­бек­тер мекені “Күншуаққа” сә­билерін орналастырғысы келетіндер жылдар бойы кезекке тұрады екен. Оның өзіндік себебі бар. Ауласы атшаптырым балабақша-бөбекжайы бірнеше гектар жерді алып жатыр. Сол кездегі облыс әкімі Ж. Кәрібжанов осы мекемені алып беріп, күрделі жөндеу жасатқызып, өзі ашылуына келіп қатысқанына куә болғанбыз. Содан бері бөбек­жайдың іші де, сырты да көркіне сәулеті сай, әсем де көрікті болып бой түзепті. Балабақша директоры Тілеукеш Ысқаққызы іші сырланып, жаңа оқу маусымына әзір тұрған бөлмелерді көрсетіп шықты. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын паш ететін үл­кен бөлме, мұражай іші қатты ұнады. – Біз екі жастан бастап сәби­лерді қабылдаймыз. Олардың тілі енді ғана шыға бастаған. Жас ұрпақ­қа мемлекеттік тілді терең үйретуге көңіл бөлеміз. Жақында ғана мем­лекеттік тілдің онжылдық бағдарла­масы қабылданғаны белгілі. Сол бағ­дарламаға сай қазақ тілін тереңдетіп оқытамыз. Ал мына бөлмеге 13 топ­тың балалары жаста­рына қарай ке­зек-кезек келіп, На­у­­рыз, Жаңа Жыл, басқа да ұлттық мерекелерді атап өте­ді. Жақында Ата Заңымызға арнал­ған сабақты өт­кі­земіз, – дейді білім беру ісінің үздігі Тілеукеш Ысқаққызы. Бірінші сыныпқа баратын жеті жастағы балаларға дейін 13 топ құрыл­ған. Мәселен, екі жасар сәби­лердің тобы төртеу. Мұнда барлық жағдай жасалынған. Қалалық оқу бөлімінің бастығы Александр Кузнецов үнемі келіп, көмектесіп тұрады екен. Қазір балабақшада 67 адам еңбек етеді. Психолог, әдіскер, дене тәрбиесі мен жүзу, басқа да спорт түрлеріне баули­тын үйірмелер жұмыс жасап тұр. 30 тәрбиешінің барлығы жыл сайын ар­найы әзірлік­тен өтіп тұрады, білімдері мен бі­лік­тері сай тәжірибелі жандар көрінеді. Мәселен, Айнаш Мамыр­баева сондай іскер тәрбиеші. Өзінің ша­руашылық істері жөніндегі орынбасары Гүлнәр Сауырбайқызы Сүлейменова тыным таппайтын, іскер басшы екен. – Балабақшаны жаңа оқу жылына әзірлеуде ол кісінің еңбегі ерекше, – дейді балабақша директоры. Әдіскер Динара Масалова, пси­холог Жансая Абдрахманова, тағы басқалар сәбилердің орыс және ағылшын (үш тұғырлы) тілдерін де жақсы үйреніп алуларына баса назар аударады. Атап өтерлік маңызды шара – аталмыш бөбекжай мен Шы­­­­­­ғыс Қазақстан мемлекеттік университеті арасында игі дәстүр қа­лыптасқан. Мәселен, кол­ледж­дер­де алған бі­лімдерін осында қызмет ететін жастар университетте одан әрі жалғастырып жатыр. Әсем Мұратова деген қыз осында тәрбиеші әрі жо­ғары білім алу үшін биыл грантты жеңіп алыпты. Тамаша дәстүр емес пе. – Мемлекеттік тілді үйренсем, терең білім алсам деген басқа ұлт өкілдерінің балалары да “Күншуақ­қа” орналасу үшін кезекке тұрады. Бізде бұл күндері отыздан астам бас­қа ұлт өкілдері тәрбиеленіп жа­тыр. Олар қазақ тілін тез үйренуде. Талабы таудай балалардың қабілетіне еріксіз риза боласыз. Биылғы ма­мырда біздің бөбекжайдың шәкірт­тері облыс әкімі Б. Са­пар­ба­ев­тың бастамасымен кел­ген “Туған ел – алтын бесігім” аясында Металлург­тердің мәдениет сарайы алдында бір жарым сағаттық концерт қойды. Сурет, қолөнер түрлері бойынша байқау өткіздік. Көрмелер өткізіп, бөбектер салған суреттерді түрлі байқауларға қатыс­тырамыз. Жеңім­паз атанғандарды марапаттау жағы да қарастырылған. Ата-аналар да бізбен тығыз қарым-қатынаста. Олар өз сәбилерінің болашағына алаң­дамайды, себебі, “Күншуақтың” шуағы барлығын нұрландыра бер­мек, – дейді білікті ұстаз Тілеукеш Ысқаққызы... ӨСКЕМЕН.