• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2010

Игі істеріміздің бастамасы

714 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы осыдан 15 жыл бұрын ортақ тарихи тағдыры бар ежелгі қазақ жерінде бостандық пен теңдікті, әділдік пен заңдылықты алға қояр ең басты құжат – Конституцияны қа­былдады. Ата Заңында өзін “демокра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әл­еуметтік мемлекет ретінде орнықтырған, ең қымбат қазынасын – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары”, деп тайға таңба басқандай етіп көрсеткен Қазақстан осы қағидаларды қатаң басшылыққа ала отырып, дамып келеді. Соның арқасында қазіргі таңда әлемге танылып, өзіндік даму моделі бар мемлекетке айналып отыр. Басты міндеті – азаматтар құ­қықтарын қорғау болып табылатын Конституция қазақстандық поли­ция реформасының іргетасын қа­лауға негіз болды. Қазіргі таңда бұл межелі міндет, полиция қызмет­керлері басшылыққа алған “Қазақ­стан Республикасының ішкі істер органы туралы” Заңы арқылы жү­зеге асып ке­леді. Бір айта кетерлігі, Қазақстан Рес­публикасы ішкі істер органы қызметінің өкілеттілігі мен ұй­ымдастырылуын, мәртебесі мен құры­лысын анықтайтын бұл заң Конс­ти­туциямен қатар бір жылда қабылданды. Бүгінде демокра­тиялық, құқықтық жол­мен дамып келе жатқан Қазақстанның құқық қорғау­шылары қызметі заңдылық пен жария­лылық ұстанымына сәйкеседі. Қылмыс­қа жол бермеу, адам мен азамат­тардың құқықтары мен заңды мүдделерін қор­ғауда ішкі істер органдары қызмет­кер­лерінің арқалаған ауыр жауапкер­ші­лігінен аттап кете алмаймыз. Бұл тұста қызметке алғаш қадам жасағанда адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берген әр тәртіп сақшысының ел алдындағы бейнесі де анықталады. Полиция – елдің қорғаны. Халық­тың тәртіп сақшыларына деген сенімі қылмыстардың дер кезінде, ізі суымай ашылуымен беки түсетіні сөзсіз. Батыс­қазақстандық полиция қызметкерлері де бұл бағытта аянып қалған емес. Оған тәуелсіз еліміздің тарихында нағыз ерлік пен өрліктің шыңын көрсете білген әріптестеріміздің абыройлы еңбек жолы дәлел бола алады. Әрине, әр уақытта қызметтік міндеттерін атқару, азаматтар­дың мүдделерін қорғау кезінде қаза болған тәртіп сақшылары туралы да ұмыт қалдыруға болмайды. Себебі, олар – бейбіт өмірдің тыныштығы үшін өз өмірлерін қиған азаматтар. Өкінішке қарай, Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің тарихында қызмет бабында қанды­қол қылмыскерлердің қолынан қаза болған асыл азаматтардың саны аз емес. Олардың ішінде қаныпезер қылмыскер­лердің пышағынан көз жұмған Тасқала аудандық ІІБ кезекші-инспекторы, милиция капитаны Сайын Ахметқалиев, қылмыскерді құрықтау кезінде ауыр жарақаттанып, оқиға орнында жантәсі­лім еткен сақшылар – Зеленов аудандық ІІБ патрульдік-бекеттік қызметінің по­лицейі, милиция сержанты Олег Кучер, Орал қалалық ІІБ дәрігерлік айықтыр­ғыштың полицейі, милиция сержанты Иват Мумбаев, Бөрлі аудандық ІІБ ве­дом­остводан тыс күзет полицейі Байжан Қазиев, Шыңғырлау аудандық ІІБ учас­келік инспекторы, полиция лейтенанты Сәрсенбай Тәжмұхамбетов және қарақ­шы топтың қолынан қаза болған Бөрлі аудандық ІІБ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Павел Шошин мен қаскөйдің оғынан тағдыры үзілген бөрлі­лік полицей, аға сержант Мәлік Ру­ша­нов­тың есімдері Батыс Қа­зақстан облыстық ІІД-нің “Естелік кіта­бына” мәңгілікке енгізілді. Ішкі істер органда­ры­ның қызметі әр по­ли­цейдің болмыс-бі­ті­мінде адамгер­ші­лік, рухани-этикалық бе­ріктіктің болуын та­лап етеді. Осыған орай, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы ІІО қызметкерле­рінің Ар-ождан кодексі мен ішкі органдар қыз­меткерлерінің қызмет­тік әдеп ережесі тек Кон­ституция заңдарын мүлтіксіз сақтаудың бас­­тамасы ғана емес, ел алдында ант қабыл­даған әр тәртіп сақ­шы­сы үшін айнымас кә­сіби білікті­ліктің айна­сы болып саналады. Ел Конституция­сы­ның 17-бабында атап көрсетілгеніндей, адам­ның қадір-қасиетіне ешкімнің қол сұ­ғуына жол берілмейді. 2007 жылғы 25 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-се­ссия­сын­да Қазақстан Республи­ка­сының Мем­лекет басшысы 1984 жылдың 10 қаза­нында қабылданған Азаптауға және өзге де ауыр, адамгершіліксіз не­ме­с­е адамның қадір-қасиетіне қол сұға­тын жазалау түрлеріне қарсы конвен­цияға қосымша Факультативтік хаттама­ға қол қойған болатын. Биылғы жыл­дың ақпан айында Қазақстанның құқық қорғау органдары өзара, сонымен қатар, азаптауды шектеу мәселесіне қатысты аза­маттық қоғам институттарымен бірле­сіп әрекет жасасу жөнінде құжат қабыл­дады. ІІД арнайы мекемелерінің қыз­мет­керлеріне арналған семинар-кеңес өткі­зіліп, бұл шара кезінде жалпыға міндетті оқу бойынша семинарға қатысушылар ІІБ арнайы мекемелерінің регламент жүргізу қызметі, сонымен қатар, Еуропа мемлекеттерінің әдебиеттерімен және басқа да азаптауға қарсы, азаматтардың қа­дір-қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әре­кеттерге жаза қолдану туралы Қазақстан Республи­касының қайта қабылданған нормативтік актілерімен танысты. Қандай кезде де полиция қызметкері конститу­ция­лық нормаларды жүзеге асыруы ке­рек. Ол қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктілерді азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге және басқа да адамдық қадір-қа­сиеттеріне қол сұғатын қарым-қаты­нас­қа баруға немесе жазалауға жол бере алмайды. Азаматтардың заңға жүгінуін, олар­дың құқығы мен бостандығының қор­ға­луын бақылауды ІІД және ҚАІІББ жа­нында құрылған қоғамдық кеңес жүзеге асырады. Құрамында облыстың белгілі қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері бар кеңесте полицияға түсірген өті­ніш­тері қанағаттан­ды­рыл­ма­ған немесе шара қол­данылмаған жағ­дай­да түрлі ұйым өкілдері мен қарапайым халық арыз-шағымдарын жет­кізе алады. Таяуда біздер бірін­ші жартыжылдық жұ­мыс­тың қоры­тынды­сын шы­ғардық. Соңғы алты айда аймақта жал­пы қылмыс­тардың ашы­­лу деңгейі біршама жақ­сарғаны байқалады. Мәселен, ауыр қыл­мыс­­тар саны – 30,2%-ға, қа­сақана кісі өлімі – 19,4%-ға, ден­саулық­қа қасақана зиян кел­ті­ру – 29,0%-ға, зорлау 9,7%-ға азайды. Ал, қа­рақ­шылық – 33,3%-ға, алаяқтық 6 пай­ызға кеміген, жалпы осы уа­қыт аралы­ғын­да қоғам­дық орындар мен ха­лық көп шо­ғыр­ланатын орындарда, көшелерде жа­са­латын қылмыстардың артып, кері­сін­ше топтасып жасалатын құқық бұзушы­лық­тар санының біршама кемігенін байқауға болады. Облыс аумағында жол-көлік апаты азайып, соңғы жарты жылда жол-көлік оқиғалары 13,4 пайызға азайған. Қыл­мыскерлерді іздестіру жұмыстары 83,8 пайызға жетіп отыр. Анықталған есірткі қылмысының жалпы саны 2,7 пайызды көрсетіп, заңсыз айналымнан 22,7 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. ІІМ қолға алған шаралар нәтиже­сін­де жергілікті билік өкілдерінің көмегімен ІІД-нің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қазіргі таңда полиция қызметкерлері тек соңғы үлгіде жабдық­талған компьютер мен автокөлікті ғана емес, ақпаратты өңдеу және таратуда соңғы технологияларды қолданып келеді. Мәселен, бірінші жартыжылдықта Же­дел басқару орталығының көмегімен 56 қылмыстық іс ашылды. Есептік кезеңнің ең маңызды жетістігі – құқық бұзу­шы­лықтың алдын алу бойынша жүргізілген шаралардың жақсы нәтижесі. Бұл мәсе­леге билік органдарымен қатар, қоғам­ның шынайы қызығушылық таныта­тыны біз үшін аса маңызды. Негізгі күшін құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу жұмыстарына жұмылдырған батысқазақстандық поли­ция қызметкерлері әрқашан азамат­тар­дың құқығы мен мүддесін қорғауға дай­ын. Конституция мүмкіндік берген та­лап-міндеттерді бағдар етіп ала отырып, тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті сақтау мен еліміздің тыныштығы үшін өздерінің ауыр жұмыстарын жалғасты­рып келеді. Қазақстанның әр азаматы өз құқығын, бостандығы мен мүддесін қорғай алуы қажет. Конституцияның 34-бабында: “Әркім Қазақстан Республи­ка­сының Конституциясын және заңдарын сақтауға, өзге адамдардың құқық­тарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндет­ті”, – деп жазылған. Демек, жал­пы халық пен мем­лекет заң шы­­ға­ра отырып, өздері сол заңға ер­ік­сіз бағынады, себебі, әр адам жә­не азамат заңға мой­ынсұнуы тиіс. Бір қуантарлық жәйт, қылмыс­керлерге қарсы күресте біз жалғыз емеспіз, өйткені, жергілікті халық полиция қызметкерлеріне көмек қолын созып, қылмысты ашу жұмысына белсене араласуға әр уақытта дайын. Осы жылдың сәуір айында Ақсай қаласында 10 жасар бүлдіршіннің жоғалып кетуі жөніндегі суыт хабар облыс жұртшылығын дүр­ліктірді. Полицияның іздестіру тобы қыз­дың жоғалуын ата-анасы мен аға­сының осы аймақтағы белгілі кәсіп­кер­лігімен байланыстырып, баланың амандығы үшін қомақты ақша талап етуі мүмкіндігін жасырмаған еді. Сол кезде қызды іздестіру және куәгерлерді табу жұмысына мыңдаған полиция қызмет­кері, тәжірибелі сақшылардан құралған тоғыз жедел тергеу тобы, “Арлан” ар­найы мақсаттағы бөлініс жауынгерлері жұмылдырылды. Қиын сәтте іздестіру жұмысына қолұшын беруге дайын екендіктерін білдірген жүздеген адам полиция қызметкерлеріне маңызды ақпарат берді. Осылайша ауызбіршілік пен полицияға деген халықтың шынайы сенімі арқасында куәгерлер табылып, қызды ұрлаған автокөлік маркасы және оны ұстап отырған пәтер туралы ақпа­ратқа қол жеткіздік. Арнайы операция жүргізу барысында бір тәуліктен кейін бүлдіршін мен Орал қаласындағы пәтерлердің бірін жалдап тұрып жатқан қылмыскерлер де табылды. Адамның рухани құндылықтарына қайшы келетін арсыз қылмыс жасаған қаскөйлердің қолына сол күні-ақ кісен салынды. Тер­геу барысында бүлдіршіннің өмірін сау­даламақ болған қаныпезерлердің жұ­мыссыз жүрген Орал қаласының бұрын сотталған 30 жастағы екі тұрғыны екені анықталды. Бұл істің осылайша сәтті аяқталуы полиция қызметкерлерінің көрсеткен кәсіби тәжірибесі, сонымен қатар, құқық қоғау органдарына деген тұрғындардың жоғары дәрежедегі сенімі үлкен ықпал етті деп айта аламын. Батысқазақстандық полиция қызмет­кер­лері өңірде орын алған барлық заң бұзушылықтар бойынша жан-жақты әрі кәсіби деңгейде қызмет жасауға дайын, бұл бағытта олар құқық бұзушылықтың алдын алып, азаматтардың конститу­ция­лық құқықтарын қорғау жолында пәрменді шаралар қабылдай бермек. Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВ, Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.