• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2010

Көшелер Oтандастар, Cарыарқа, Aтажұрт деп аталады

502 рет
көрсетілді

Облыс орталығының іргесінде орналасқан бұл ауылды орысша Павлодарское, ал жергілікті жұрт қа­зақ­ша Шәукен деп атап кеткен. Қала аумағына қарайтын ауылда негізінен түрлі ұлт өкілдері бас қосқан 6 мыңдай халық тұрады. Сондықтан да болар, Моңғолия, Ресей жағынан елге қоныс ау­дарып келген бала-шағасы көп оралман ағайын­дарымыз оларды оқытып-жеткізу үшін екі қолға бір жұ­мыстың жылдам табыла қоятынына орай қала аумағындағы ауылдарға орнығуда. Бұл ауыл­да қазір 130-дай оралман ағайындар тұрып жатыр. Кәдімгідей жер алып, өз баспана­ларын өздері тұрғызып алды. Айна­ла бау-бақша, көкөніс егіп, мал бағу­ға қолайлы-ақ жер. Үйлерін тұр­ғызып, қора-қопсыларын жай­ла­ғанша біраз қиындықтар болды. Электр бағандарын орнатқан­ша бірнеше жыл жарықсыз, құбыр­лар тартылған­ша ауыз сусыз отырып қалды. Елде болса ерінге тиеді деп, алда­ғы өмірлеріне үмітпен қарады. Тіпті, ауыл­дың орысша атына тілдері келе қой­маған соң, Әлхан Амантай, Болат Зауыт сияқты оралмандар жағдайына бас-көз болып жүрген жігіттер арқылы қала әкімдігіне өтініштерін жа­зып, өздері тұратын көшелерге Шәукен, Отандастар, Сары­арқа, Ата­жұрт деген атаулардың берілуін сұрады. Қала әкімдігі олардың ұсыныс­тарын мақұлдап, оң шешім де шығарып берді. Сөйтіп, ауылға өткен жылы “Жол картасы” бағдарламасы келді. Ауыл әкімінің орынбасары Дайыр Мұс­тафин­ның айтуынша, жоғары­да ай­тыл­ған ауылға қажетті әлеу­меттік жағ­дайлар осы бағдарла­ма­лар арқы­лы жүзеге асуда. Был­тыр бөлінген 54 миллион теңгеге бала­бақша күрделі жөндеуден өт­кізіл­ген. Ауылішілік жол­дарға асфальт төселіпті. Ал биыл жаңа атаулар алған көшелерге электр желілері тартылып, жарық беруді реттейтін арнайы 14 трансфор­матор ор­на­­ты­­лыпты. “Жол картасы” бағ­дарлама­сы бойын­ша шәукендіктерге биыл тағы да 8 мил­лион теңге қара­жат бөлініпті. Ауылдың шетін­дегі жаңа үй­лерге де жарық келетін бол­ды. Енді бала-шағасы мектепке, бала­­бақшаға баратын, осы уақытқа де­йін сығырайған шам­мен күнін көріп келген оралман отбасылары үшін бұл үлкен қуаныш болары анық. Бұл күн­дері “Манас” ЖШС ауыл­дың үй­лерін су құбырлары желісіне қосып, тұрғындарды ауыз сумен қам­ти­тын құдықтар мен су шыға­тын мұнара­лардың үздіксіз жұмыс жасауын қолға алуда. Автобус аял­да­малары да жөн­деліп, көшелер бойында гүлзар­лар пайда болды. Биыл ауыл ішіне 240 түп ағаш отыр­ғызылыпты. Был­тыр жаңа мектеп пайда­лануға берілді. Елге оралған ағайын­дар үшін, олардың бала-шағасының бо­ла­шағы үшін, міне, осындай жақ­сы істер жа­салуда. Ағайындар өз­дерінің тыныс-тірші­лігінің жақ­саруы­­­на назар аударған қала әкімі Бақыт­жан Жоламановқа, ауыл әкімі Ирина Фогельге алғыстарын айтуда. Ауыл шетінде жұртын имандылыққа шақырып, көк күмбезі жарқырап Қасым қажының мешіті тұр. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.