• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2010

“Қарлығаш” қанатын қақты

514 рет
көрсетілді

Темір ауданында соңғы кездері әлеу­меттік сала нысандарының құрылысын салу қарқын ала бастады. Мұны жұрт­шылық осы ауданның тізгінін ұста­ғанына көп уақыт бола қоймаған Б.Қа­ниевтің іскерлігімен сабақтастырады.Ол аудан аумағында жұмыс істейтін инвесторлармен ортақ тіл табысу арқылы өзекті мәселенің оң шешілуіне ықпал етіп отырған көрінеді. Екі жылға жетер-жетпес уақытта ғана тоғыз бала бақша мен төрт клуб пайлалануға беріліп, ха­лық­­тың игілігіне қызмет етуде. Жақында аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде Елбасының “Балапан” бағдарламасы бойынша іске қосылған 75 орындық “Қарлығаш” балабақшасы балаларды ғана емес, олардың ата-аналарын қуа­нышқа бөледі. Оның да реті бар, бұрын орталықтан қашықтау тұратын ауыл жұртшылығы бөбектерін ит өлген жерге сүйреп әуреге түсетін, енді іргеден тәр­биешілеріне тапсырып, алаңсыз жұмыс­тарына аяңдайтын күнге де жетті. Бұл балабақша құрылысын төрт айда “Әлихан Ойл”жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып беріпті. Жаңа нысан­ның тұсаукесерінде сөз алған аудан әкімі Бауыржан Қаниев салтанатты сәтке жиналғандарды жаңа үлгідегі бала­бақшаның ашылуымен құттықтады, шараға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Иран Әміров игі тілегін білдірді, еңбек және соғыс арда­гері Айтбай Алмағамбетов батасын берді. Тағы бір салтанат осы бағдарлама аясын­да салынған 50 орындық “Гауһар” бала­бақ­шасы жаңадан пайдалануға берілген Темір қаласында да болды. Шүкір, Елба­сының “Балапан” бағдар­ла­ма­сы осы­ндай қарқынмен жүргізілсе, таяу уақыт­тарда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру мәсе­лесі түбегейлі шешімін табары сөзсіз. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.