• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2010

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов: “Кәсіпкерліктің тынысын кең ашуға бағыт ұстадық”

680 рет
көрсетілді

Халықтың хақы әкімде Өзіне бағынысты аудан, қала әкім­дері­нің есебін тыңдап болған үлкен әкім­нің өзі де есеп береді екен. Облыстық мәслихат депутаттары­ның алдында, төр­тін­ші шақырылымдағы ОҚО мәслихаты­ның отыз үшінші сессиясының күн тәр­ті­біне бақандай жиырма мәселе ұсынылған. Оның бірегейі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтің өзіне жүктелген қызметтер мен міндет­терді іске асыруы туралы есебі еді. Оңтүстіктің депутаттары бәзбіреулер айтатындай “қалтаға” сыймайды. Ойын бүк­песіз, ешкімнің шен-шекпеніне қара­май, қара қыл­ды қақ жарып айтатындары да, әліптің ар­тын бағып, күштінің ың­ғайына жығылуға даяр тұра­тындары да, сәл нәрсеге шамданып, дау салып тұрып алатындары да бар. Әйтеуір, көңілсіз емес. Бұл жолы да солай басталды. Сессия төраға­сы Мұқан Егізбаевтан сөз сұраған облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Сейітжаппаров таяуда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы өткізбек болған жиын­ның аттай бір сағат ке­шігіп бас­тал­ғаны үшін партия филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Ұласбек Сәдібеков­тің кешірім сұрауын талап етті. Ол ор­ны­нан тұрды. Себебін айтты. Уәжге салсаң оныкі де дұрыс. Фракция жиыны ұзаққа созылып кетсе, ол неге кінәлі болады? Екі жақ ырғасып тұрғанда, депутат Аманолла Рахманқұлов бас ие қоймаған Сәдібе­ков­тің атынан кешірім сұрады ма, әйтеуір екі жақ бәтуаға зорға келді. “Әй, мыналар бұ­зық қой. Әкімнің есебін жұлмалап тас­тамай ма?” деп сыбырлайды қасымдағы әріптес. Олай емес екен. Сессия облыс әкімінің есебін жылы қабылдады. Асқар Мырзахметовтің командасы жеті айда не тындырды, оның бәрін баян­дап жатсақ, әлденеше газет парақ­тары кетеді. Біз кейбір салалар бойынша толығырақ тоқталуды ғана жөн көрдік. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың жар­ты­жылдығының қорытындысына сәйкес, салықтық түсімдерді бюджетке түсірудің өсу динамикасы бойынша республика дең­гейінде облыс бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, облыстың аудандары мен қалаларындағы және әр ауылдық округтер мен елді мекендердегі әлеумет­тік-экономикалық ахуалға талдау жасай отырып, облыс бюджетін жүйелі түрде қа­лыптастыру мақсатында әлеу­меттік-экономикалық мәселелер мен көрсет­кіштерді толық қамтитын “Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-эко­номикалық паспор­ты” әзірленді. “Жол картасы” бойынша сөз сабақ­тайтын болсақ, 2010 жылы облыста “Жол картасы” аясында 432 инвестициялық жо­баларды іске асыруға жалпы 18,5 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен – 12,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 6,4 млрд. теңге. 9 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыс­тары толығымен аяқталды. Оның ішінде 9 денсаулық сақтау нысандары, 6 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысан­дары бар. Есепті кезеңде 19 845 жаңа жұмыс орын­дары құрылды. Жұмыспен қамту ор­гандары арқылы 13 598 адам жұмысқа ор­наласты. Жұмысшылар­дың орташа жал­ақысы 31,5 мың теңге құрайды. Асқар Исабекұлы есеп беру кезінде биыл білім саласына айрықша назар ауда­рылғанын айтты. Білімсіздің күні қараңғы, білімдіге – жарық. Өсімтал Оң­түс­тіктің ең үлкен проблема­сы осы білім саласында жатыр. Күні кешеге дейін төрт, үш ауысымдық мектептер мен апат­ты жағдайдағы білім ошақтары респуб­лика бой­ынша бірінші орынды бермей­тін. Оған дүниеге келген сәбиді балабақ­ша­ға кезекке қойғанда оның шын кезегі ол бірінші сыныптың табалды­рығын атта­ғанда келетін кереметін қосыңыз. Көп мектептерге жолымыз түседі, көрнекі құ­рал­дары әбден ескірген, жаңа мето­дикалық құрал-жабдықтардан ада кейіптерін де көрер едік. Биылғы жылы білім саласын басты назарға алған Мырзахметов не тындыр­ды, соны талдап көрелік. Сонымен облыс басшысы не деді? – Жалпы білім беру саласына ағым­да­ғы жылы бюджеттен 99,9 млрд. теңге қа­­ралды, бұл өткен жылмен салыстыр­ған­да 10,5%-ға артық, – деді ол. Мектепке дейінгі білім ұйымдарының саны қазіргі таңда 345-ке дейін жеткізіліп, қамту деңгейі 13,5%-дан 21,4%-ға дейін өсті. “Бала­пан” бағдарламасына сәйкес 2010 жылы 9085 орынға 154 мектепке дейінгі білім ұйымдары іске қосылады деп жоспарланса, бүгінгі күні 4376 орынға 100 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Ал жұмыс жасап тұрған 25 балабақ­шадан қосымша 1165 орынға 48 топ ашылды. Жылдың соңына дейін мектепке дейінгі ба­ла­лардың балабақшамен қамтылуы 23,5% құрайды. Биылғы жылы жалпы 103 нысан­дар­дың құрылысына 19 млрд. теңге қарас­тырылған. Бүгінгі күнге 15 білім мекемесі іске қосылды. Жылдың соңына дейін қосымша 49 нысанның іске қосылуы жоспарлануда. Талдап айтар болсақ: – республикалық бюджеттен 36 нысанның құрылысына 9,1 млрд. теңге; – облыстық бюджеттен 67 нысанның құры­лысына 9,9 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 45 апаттық жағдайдағы мек­теп, үш ауысымда оқитын 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республи­ка­сының Бюджет кодексінде құрылыс құны қымбаттаған нысандардың құрылысын же­ргілікті бюджеттен аяқтау қарасты­рыл­ғанына қарамастан, Республика Үкіме­ті­нің алдында “100 мектеп, 100 аурухана” бағ­дарламасы аясында құрылысы баста­лып, құрылыс құны қымбаттаған 900 орындық Арыс қаласындағы және Бәй­ді­бек ауданы Шаян ауылындағы 700 орын­дық мектеп 350 оқушыға арналған интернаттың құрылысын аяқтау үшін қа­жетті қаржының 10%-ы облыстық бюд­жет­тен, қалғанын республикалық бюджет­тен бөлу мәселесін көтеріп, толық ше­шіл­ді. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Облысы­мыз­дағы жаңадан пайдалануға берілген білім мекемелерін ұстауға республика бюджеті есебінен қосымша 1 млрд. 151 млн. теңге шешімін тауып, бөлінетін болды. Тұңғыш рет үстіміздегі жылы білім саласына аса назар аударылып, тек облыстық бюджет­тен материал­дық-техникалық базаны ны­ғай­туға 2 млрд. 309 млн. теңге қаржы бө­лін­ді. Атап айтар болсақ, облыс мектепте­рін­дегі тозығы жеткен оқушы пар­талары мен мектеп тақталары толығымен ауыс­тырылып, 100 мың парта мен 6250 тақта алуға 1 млрд. 156 млн. теңге қарастыры­лып, жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, білім беруді әлемдік стандартқа сай жетілдіру мақсатында тозығы жеткен компьютерлерді ауыстыру мен жаңалауға 556 млн. теңге қаржы бө­лініп, 5247 дана ком­пью­тер алынуда. Егер 2009 жылы 1 компьютерге 21,6 оқушы келетін болса, ағымдағы жылы ол көр­сет­кіш 19 оқушыны құрап, республиканың орташа көрсеткішіне жетіп отыр. Соны­мен қатар үстіміздегі жылы 883 млн. тең­ге­ге 135 физика, 70 биология кабинет­тері­мен жабдықтау және 260 млн. теңгеге 47 лингафондық-мультимедиялық ка­би­нет­термен толықтыру жұмыстары жүр­гізілуде. Қазіргі таңда, облыс көлемінде да­рынды балалармен жұмыс жүргізу қар­қынды іске асырылып келеді. Оқушыла­ры­мыздың халық­ара­лық пәндік олимпиа­даларда жеңіп алған награ­даларының саны жылдан жылға өсуде. 2009-2010 оқу жылында АҚШ, Австрия, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия, Голландия мем­ле­кеттерінде өткен халықаралық ғылыми жоба жарыстарына 14 оқушы қатысқан болса, биылғы оқу жылында 16 оқушы қатысып, оның ішінде 5-і алтын, 3-і кү­міс, 6-ы қола медальды жеңіп алды. 2 оқу­шы арнайы Сертификатпен марапат­тал­ды. Облыс бойынша ҰБТ қорытынды­сының орташа көрсеткіші 86,21 балды құрады немесе өткен жылдың орташа көрсеткішінен (70,76) 15,45 балға жоғары. Ағымдағы жылы 590 оқушы “Алтын бел­гімен” бітірді, өткен жылмен салыс­тыр­­ған­да 263 оқушыға көп. Республика бойын­ша жоғары оқу орнына түсу үшін грант алған­дардың саны 31567 оқушы болса, біздің облыс­тан 8622 оқушы білім грант­тарын иеленді. Ол конкурсқа қатысқан­дардың 46,32%-ы. Облыс мектептерінде 7 408 жоғары санатты, 15 098 бірінші са­натты, 17 277 екінші санатты мұғалім­дер еңбек етуде. 2009-2010 жылы 623 жас ма­ман жұмысқа қабылданды. Жыл басынан 6 031 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оқу-тәрбие процесі мен білім сапа­сының деңгейіне қатысты жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру мақса­тын­да үстіміздегі оқу жылынан бастап қала, аудан әкімдігі мен білім мекемелерінің (мектеп, аудандық, қалалық білім бө­лімдерінің) жұмысын бағалауға арналған рейтинг жүйесі енгізілетін болады. Сыбайлас жемқорлық және жас­өс­пірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар барлық дең­гей­де үйлестіру кеңестерінде жан-жақты қарасты­рылып, мектептердің есеп-қисап жұмыстарын жақсарту мақ­сатында бухгалтерияларын орта­лықтан­дыру жұмыстары жүргізілуде. Қаржы, Білім және ғылым министр­ліктері­мен келісе отырып, облыстағы 989 мектепте 1750 бухгалтер қызмет ат­қа­рып келген болса, олар орталықтан­ды­рылған кезде 647 бухгалтер қызмет атқаратын болады. Қысқартылған 1103 бухгалтер­лерден үнемделетін қаржы 365 млн. теңгені құрайды. Ал қызметтерінен қысқар­тылған бухгалтерлерді басқа жұмыстарға орналастыру аудан, қала әкімдеріне жүктелген. Соңғы 15-20 жылдар көлемінде кә­сіптік лицейлер мен колледждердің ма­те­риалдық-тех­никалық базасы моральдық және материалдық тұрғыдан ескірген. Облыс бюджетінен колледж­дерге 2006 жылы 4,0 млн.теңге ғана, 2007 жылы 11,0 млн. теңге ғана қаралған, ал соңғы 2 жыл­да бұл мақсатқа бюджеттен қаржы мүлдем қарастырылмады. Дегенмен, 8 колледждің арнайы есеп-шотынан 2008 жылы 63359,0 мың теңге, 2009 жылы 50775,0 мың теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынды. Ал 2010 жылы облыс­тық бюджеттен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне 247 млн. 841 мың теңге қар­жы бөлініп, материал­дық-техникалық базасы нығайтылуда. Биылғы жылы кәсіптік лицейлер мен колледждерге мемлекеттік тапсырыс 9233 оқушыны құрады. Оның ішінде “Жол картасы” бойынша 2375 оқушы. Облыстың 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған әлеуметтік-экономикалық даму бағ­дар­ламасына сәйкес мемлекеттік тапсы­рысты қалыптастыру барысында ауыл­ ша­руа­шылығы және өндірістік маман­дық­тарға көп басымдық берілді. Салалар бойынша атап айтқанда: Ауыл шаруашылығы мамандықтарына – 35,2 пайыз; Мәшине жасау өнеркәсібі, көлік, мә­шинелер мен жабдықтар технологиясы, көлік пайдалану мамандықтарына – 26,4 пайыз. Биылғы жылы облыстық бюджеттен қаралып отырған мемлекеттік тапсырыс негізінде саңы­рау балаларға арнайы 30 орын берілді. Онда саңы­рау балалар “Киімдерді модельдеу және конс­трук­циялау” және “Есептеу техникасы мен авто­маттандырылған жүйелерді бағ­дар­ламалық қамтамасыздандыру” маман­дықтары бойынша оқытылады. Білім басқармасы тарапынан об­лыс­тағы барлық 47 жеке меншік колледж­дер­де жалпыға міндетті білім стандарты талаптарының орын­да­луын тексеру нәти­жесінде 20 колледждің ли­цен­зиясының күші 6 ай мерзімге дейін уақытша тоқта­тылды. Бүгінгі күні 4-і қайта тексеріліп, 3-інің құжаттары сотқа өткізілді. Қалған 16 колледжді қайта тексеру жаңа оқу жылынан жалғасатын болады. Мырзахметов командасының биылғы жылғы атап айтар ерекшелігінің бірі, ел арасына жиі шы­ғуы, жай-күймен таны­сып, аудан, қала кө­лемінде шешілетін мә­селелерді сол сапар бары­сында тынды­руы дер едік. Қарапайым жұрттың облыс әкімі түгілі қарапайым шенеуніктерге қолы жете бермейді. “Аузы күйген үріп ішеді” дегендей, сыбайлас жемқорлықтың қақпанына түскен әріптестерінің қамсыз­дығынан кейін кейбір басқармалар есі­гінің алдына қарулы күзет қоюды әдетке айналдырған еді. Қазір басыл­ға­нымен кезекші-күзетшілер әбден тергеп алмай, іштегілермен байланыспай жібермейді. Қазір облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмыс топтары аудан, қалалар­ды аралауды жөнге қойды. Облыс әкімі­нің орынбасарлары бастаған жұмыс топ­тары 58 рет аудан, қаланы аралап шықты. Қамтылған елді мекендер саны – 1287, жеке қабылдауда болғандар саны 409 адам. Аралаудың қорытындысы бойынша 660 тапсырма беріліп, бүгінгі күнге 401 тапсырма орындалған, 256 тапсырма орындалу барысында. Тәртіптік жазаға тартылғандар саны – 127, оның ішінде қызметінен босатылғандар – 32, тәртіп­тік шара қолданғандар – 95. Бүгінгі таңға берілген тапсырмалар­дың орындалуын бақылау облыс әкімі аппараты салалық бөлімдеріне жүктелген және әрбір айдың қорытындысы қа­ралуда. Әр сала бойынша жасалынған жұмыс­тармен танысқан депутаттар облыс әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп баға берді. Назар жеткілікті аударылмай жатқан мәселелер де айтылады. Мәселен, Арыс, Бадам сияқты өзендердің таба­ны­на шынжырлы трактор, экскаватор түсірген құрылыс компаниялары тегін тас, құмды опы­рып алып жатыр. Соның салдарынан бірнеше көпір апаттық жағдайға ұшы­рады. “Көксарай” су реттегіші, Шардара ауданында көгілдір отын­ға дайындық мәселелеріне байланысты асфальт жолдар балшықтай иленіп қалды. Алып құры­лыстар жақсы, бірақ неге халық зардабын тартуы керек. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры, академик Лесбек Тәшімов құ­лаққа қонымды ұсыныс айтты. Солтүстік облыстарда мектепке бала толтыра алмай жатқанда дүниеге сәби әкелуден Оңтүстік республикада көш бастап тұр. Бірақ, біз осыған қандай жағдай жасап отырмыз? Дарияның арғы бетіндегі Балтакөл ауы­лы­ның төртінші перзентін дүниеге әкел­ген келіншек Түркістанды басып өтіп, қиыр­дағы Отырарға бір жапырақ қағаз үшін барады. Құжатты сол күні ала қойса жақсы, кейде апталап жүреді. Оларды сан­далтпас үшін әділет басқармасымен ке­лі­се оты­рып, неге қосымша штат ашуға бол­майды? Олар елді мекендерді аралап, құ­жатын түгендеп берсе, аналар алаңдамас еді. Сессияда тағы да бірнеше депутат сөйлеп, облыс басшысының есебіне жоғары баға берді. Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Беркінбаев: — Облыс басшысының жүйелі жұмы­сының арқасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларда ілгерілеу байқалады. Мәселен, есепті мерзімде кәсіпкерлік нысандар саны 16 пайызға артқан. Осы салада еңбек ететін­дер­дің саны 270 мыңнан асқанын көріп отырмыз. Шағын және орта бизнес да­мыса, халықтың әл-ауқаты жақсара түсе­тіні түсінікті. Өткен жеті айда осы бағыт­та дұрыс жұмыс жүргізіліп, елеулі нәти­жеге қол жеткіздік. Жалпы, Асқар Иса­бек­ұлының талапшылдық және жүйелілік секілді қасиеттерін ерекше атап өтуге болады. Соның арқасында өз командасы­на да, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарға да тиімді әрі нәтижелі жұмыс істеудің үлгісін көрсетіп келеді. Менің ойымша, бұл бағытымыздан айнымасақ, алдағы уақытта халықтың игілігі үшін үлкен істер тындыра аламыз десе, оның сөзін әріптесі Жеңісбек Тұрғанов былай деп жалғастырды. – Асқар Исабекұлының биылғы жыл­дың жеті айында атқарған жұмыстары жө­ніндегі есебін тыңдап, дән риза бол­дым. Өйткені, Асқар Исабекұлы өзінің “өндіріс дамыса, әлеуметтік мәселелерді шешуге мол мүмкіндік туады, сол үшін осы саланы қалайда өркендетуге тиіспіз” деген ұстанымын іске асыру жолында елеулі табыстарға қол жеткізген. Биылғы 7 айда облыс эко­номикасын дамытуға 99,3 миллиард теңге кө­лемінде инвес­ти­ция тартылды. Бұл былтыр­ғы­мен салыс­тырғанда біршама көп. Тағы бір атап өтерлігі, негізгі инвестициялық салым­дар­ды шағын кәсіпорындар жүзеге асыр­ды. Бұл шағын бизнестің жанданғанының нышаны. Жеке кәсіпкерлер салған ин­вестиция көлемі 57,1 миллиард теңгені құ­рады немесе өткен жылдың тиісті кезе­ңімен салыстырғанда 63 пайызға арт­ты. Ағымдағы жылы өнеркәсіп саласының ин­вес­тиция үлесі 50,6 пайызды құрап, 2009 жыл­мен салыстырғанда 36,2 пайызға өсті. Осының барлығы облыс экономи­ка­сының дамып келе жатқанын көрсе­теді. Өндіріс өркендеп, кәсіп­керлік да­мы­са, бюджеттің мүмкіндіктері молая­ды. Бұл халықтың тұрмысының жақсаруына жағдай жасайды. – Облыс әкімінің жеті айдың қо­ры­тындысы бойынша есебіне оң баға беруге болады, – деді облыстық мәслихаттың депутаты Қайыпбек Қамбаров. – Мәсе­лен, Шымкенттегі индустрия­лық аймақ­ты алайық. Асқар Исабекұлының қатаң бақылауының арқасында бұл аймақта жұ­мыс жандана түсті. 112 гектар жер өнді­ріс­тік қалдықтардан тазартылды. Жұмыс­ты үйлестіретін кеңестер құрылып, инвес­тициялық жобалар ұсынылды. Оның 18-і ма­құлданып, инвесторлар іске кірісе бас­та­ды. Енді осы бағытта жүйелі жұмыс жал­ғасады деген сенімдемін. Жақын ке­ле­шекте индустриялық аймақ облыс эко­номикасының тірегіне айналары сөзсіз. Депутат Нұрділда Жұмашев “неге біз Асқар Мыр­захметовке жұмыс істе деп, өзіміз бір бүйір­де отырып, сын айтқанды жақсы көреміз. Об­лыс­тың абыройы – біздің абыройымыз. Проб­лемаларды бірлесіп шешуге септесейік” деді. Соңында сөз алған облыс әкімі: Шеші­мін күткен мәселе шашетектен. Алда қол­ға алынуы тиіс шаруа әлдеқайда көп. Өйткені, облысымыз­да 900-дей елді ме­кен, екі миллионнан астам халық бар. Оның барлығының мәселесін бір жыл­да шешіп тастау мүмкін емес. Десек те, қол­да бар мүмкіндіктерді қаншалықты пай­да­ланып жүрміз? Мәселе сонда. Егер осы тұрғыдан алып қарасақ, ілгерілеушілік бар. Кемшілік те жоқ емес. Кейбір сала­лар­да, кейбір аудандарда мүмкіндіктер толық пайдаланылмауда. Алда бұл жұ­мыс­тарға назар аударуымыз керек. Мені қуантатыны, жұмысты бірлесіп атқаруға деген ынталарыңыз. Үнемі айтып келе­мін, тек бірлік пен ынтымақ болған жер­де табысқа қол жет­кізу­ге болады. Түптеп келгенде, осының барлығы тек жергілікті атқарушы биліктің міндеті емес. Бұл — бәріміздің міндетіміз. Бүгін қол жеткізген жетістіктеріміз менің немесе облыс әкім­дігінің ғана емес, бүкіл оңтүстік­қазақ­стандықтардың бағындырған белесі деп есептеймін, деді. Жалпы, Асқар Мырзахметовтің облыс экономикасын өркендету мен әлеуметтік саласын нығайтудағы еңбегін облыс хал­қы жақсы бағалайды. “Бақ, қайда бара­сың?” дегенде “Ынтымаққа барамын” деп жауап берген екен. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс жасаса, облыстың бағындырар биік­тері көп болады. Әкім командасы мен депу­таттар корпусының жүз­десуінен осы байламды аңғардық. Бақтияр Тайжан,Оңтүстік Қазақстан облысы.