• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2010

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі

1901 рет
көрсетілді

Осы тақырыпта Жалағаш ау­дандық мәдени-сауықтыру кеше­нінде облыстық ішкі саясат бас­қармасының ұйымдастыруымен Сыр аймағындағы ауыл жастары­ның слеті өткізілді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жастар слетіне үкіметтік емес ұйымдар мен қо­ғамдық қозғалыстың көшбасшы­ларынан жасақталған 200-ге жуық жас қатысты. Жиналған жастар қоғамның қоз­ғаушы күшінің әлеуметтік-саяси белсенділігі мен азаматтық, пат­риоттық сезімдерін арттыру, ауыл­дың гүлденуі мен дамуындағы жас­тардың үлес салмағы және “Дип­ломмен – ауылға” жобасын жүзеге асырудың тиімді жолдары сынды үш бағытта секцияларға бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Үш бағыттағы секцияларда жоғарыдағыдай бел­гіленген тақырыпта баяндамалар жасалып, жастар күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз ойларын бүкпесіз баян етті. – Қазақстанның кемел келе­шегі жас ұрпақтың қолында, – дей­ді облыстық ішкі саясат басқар­масының бастығы Руслан Рүсте­мов. – Елбасымыз жыл сайынғы жол­дауларында тәуелсіз еліміздің ертеңі – жас өркендерге ерекше назар аударып, олардың өзекті мәселелерін мемлекеттің қолдауы арқылы шешуге баса көңіл бөлуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы 2011 жылды “Жастар жылы” деп жариялады. Халықаралық деңгей­дегі ұсынысқа үн қосуды мұрат тұтқан Сыр аймағы жастары осы слетті өткізіп отыр. Слетке қатысушылар Сыр ай­ма­ғында атқарылып жатқан жұ­мыстармен егжей-тегжейлі таныс­тырылып, алда тұрған асқаралы міндеттерден хабардар етілді. Слетте ауылдың мәдениеті, ауыл шаруашы­лығы, спорт, денсаулық сақтау және білім беру үздіктері марапатталды. Слет барысында сөз алған жас­тар өз ой-пікірлері мен ұсыныс­та­рын ашық айтып, облыс жаста­ры­ның ортақ мүддесін көздейтін үндеу қабылдады. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы, Жалағаш кенті.