• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2010

Төлқұжат беру неліктен кешіктірілуде?

717 рет
көрсетілді

Әділет министрлігінде өткен бри­фингте министрліктің ресми өкілі Е.Ерімбет жеке куәлік алу бары­сын­да қалыптасқан жағдай туралы баяндады. Соңғы кездері азаматтардың жеке басын куәландыратын құжат дайындау барысында қалыптасқан жағдай көпшілік тарапынан орынды наразылық туғызуда. Осыған орай Е. Ерімбет мұндай жағдайдың неліктен орын алып отырғандығын түсін­ді­ретін бірнеше себептерге тоқталды.  Оның алғашқы себебі жеке иден­ти­фикациялық нөмір алуға байланыс­ты халықтың жаппай арыз беруі. Ел азаматтарына құжаттарын ЖИН бар жаңасымен ауыстыруға және алуға осыған дейін 3,5 жыл уақыт берілген болатын. Өкінішке орай, ха­лықтың көпшілігі 3 жыл бойы жайба­ра­қаттық танытып келіп, қал­ған аз уа­қыт ішінде асыға бастады. Статис­тикаға сүйенсек, ЖИН бар жаңа құжаттармен ауыстыру туралы заң қабылданған 2007 жылы 50 мың аза­мат өтініш білдірген, ал 2008 жы­лы – 144 мың, 2009 жылы 104 мың аза­­мат жаңа ЖИН бар құжат ауыс­тыруға өтініш тапырған. Ал соңғы 6 ай ішінде бұл сан 900 мыңнан асып жығылған көрінеді. Өткен жылдан бастап енгізілген пластикті электронды чипі бар жеке төлқұжат үлгісі көлемі тұрғысынан өте ыңғайлы және басқа да артық­­шылықтары бар. Ал үшінші себеп – Еу­роодақтың визалық кодекс қабыл­дауы. Жаңа кодекске орай мерзімі 10 жылдан асып кеткен паспортқа Шен­ген визасы берілмейді. Соңғы жарты жылда құжат ауыстыруға берілген өтініштердің саны – 1 млн.600 мың. Қазіргі күні  паспорт пен жеке төлқұжат берілген 640 мың өтініш өндірісте жатыр. Ал бүгінгі таңда күн сайын министрлікке 5,5 мың арыз түседі екен. Осы орайда айта кетер жәйт, еліміздегі жеке төлқұжат пен паспорт дайындайтын 2 зауыттың мүмкіндігі тәулігіне 6 мың төлқұжатқа және 3 мың паспортқа ғана жетеді. Жоғарыда аталған себептер бой­ынша, паспорт пен жеке төлқұжатты тез арада дайындауға байланысты өтініштер уақытша тоқтатылды, сондай-ақ ол қолданыстағы заң бой­­ынша белгіленген 2 ай ішінде дайын болмақ. Бұл амалсыздықтан туындап отырған уақытша шара. Келесі жыл­дан бастап куәлікті дайындауды же­делдетудің 3 категориясы да қалпына келтіріледі. Венера ТҮГЕЛБАЙ.