• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2010

Жаңа ақпараттар хабарланды

679 рет
көрсетілді

Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде жақында ғана “өз қызметтік бабын асыра пайдаланған” деген айып тағылған Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қа­­тысты қозғалған іс туралы брифинг болып өтті. Онда агенттіктің ар­найы өкілі Мұрат Жұманбай осы іске қатысты жаңа деректерді жария етті. Тергеуге дейінгі тексеріс ба­ры­сында біз Досқалиев пен бір­қатар тұлғалардың қылмыстық жауап­кер­шіліктен жалтарудың түрлі жол­дарын жоспарлағандығы ту­ралы ақпаратқа ие болдық, оның ішінде шетелге шығу және ден­саулық жағдайының нашар­лауына байланысты жәйттер бар, деп хабарлады арнайы өкіл. Қазақстан аумағынан кету жөнін­дегі сәтсіз­дік­­тен кейін Ж.Досқа­лиев өзге тұл­­­ғалармен сөз бай­ла­­сып, 2-ші жос­­парға көшкен. Біз бұл жерде Дос­­қалиевтің әріп­тес­те­рі мен ба­ғы­ныш­тыларының кор­поративтік бір­лестігіне тап бол­дық, деді ол. Бри­финг бары­сында бас дәрі­гер­дің, оның ор­ын­басарының және тиісті емдеуші дәрігердің жауап берген бейне­жаз­басы көрсетілді. “Бей­нежаз­ба­ның мазмұнынан қар­жы поли­­ция­сы қызметкерле­рі­нің бар ке­зінде ессіз жағдайда бол­ған Дос­­қа­лиевтің шын мәнінде ауруға си­муляция жасағандығы және тер­геу органдарын өзінің ден­сау­лы­ғына қатысты қасақана ал­да­ған­дығы көрініп тұр. М.Жұ­ман­бай­дың айтуынша, күдікті Досқа­ли­ев­тің денсаулық жағдайы оған қой­ылған диагнозға сәйкес келмейтін көрінеді. Венера ТҮГЕЛБАЙ.