• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2010

Жастар жүрегіндегі желкен ел жетістігін еселейді

489 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі ел болашағының тірегі – жастармен жұмысты кең көлемде жүргізу бо­лып табылады. Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев осынау қуатты қозғалысты қолдап, мем­ле­кеттік саясаттың басты буындары қатарында маңыз беріп отыр. “Нұр Отан” ХДП Төрағасы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, партия­лық саясаттың өзекті мәселелерін көпшілік талқысына салды. Ол “Жас Отан” ЖҚ қалалық және аудандық атқарушы хатшыларына арналған оқу семинарының тың­дау­шылары мен “Дипломмен ­­— ауылға!” бағдарламасы бойынша Зеренді ауданында жұмыс істеп жатқан жастар алдында ашық-жар­қын әңгіме өткізді. Нұрлан Зайроллаұлы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүк­теген тапсырмаларды орын­дау­дағы жастарға жүктелген мін­дет­терге жан-жақты тоқталып, бү­гінгі іс-қимылдың негізгі бағыт­та­рын ашып көрсетті. Олардың қа­тарында еліміздің индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағ­дарламасы, әлеуметтік ортадағы ахуалды жақсарту, білім мен ғы­лым әлеуетін көтеру мәселелерімен қатар, партия қолға алған саяси жобалар ауқымы күн тәртібіне қойылып отыр. Қазақстан түркі әлемінде тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметін табысты атқарып келеді. Сонымен қатар, алдағы желтоқсан айында ЕҚЫҰ Саммитінің тәуелсіздік бесігі Астана қаласында өткізілуі жа­сампаз халқымызға, Ұлт көш­бас­шысы Н.Назарбаевқа көрсетіл­ген баға жетпес құрмет болмақ. Президент қолдаған “Диплом­мен — ауылға!” қозғалысы жастар жүрегіне жігер құйды. Қазірдің өзінде 7000-нан астам жас маман ауылдарға қоныстанып, жемісті жұмыс істеп жүр. Бұл астаналық Ақмола облысында да белсенді сипат алуда. Партия Төрағасының бірінші орынбасарымен болған кезде жастар шын мәнінде бүкілхалықтық жобаға айналған қозғалысты өрістету, ауыл өмірін гүлдендіру жөнінде пікір алмасып, сұрақтарға жауап қайтарылды. “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Ны­ғма­ту­лин мен Ақмола облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы С.Дьяченко, филиал бас­шысының бірінші орынбасары Ғ.Шойкин қойылған мәселелердің өзектілігін атап көрсетіп, партия және облыстық атқарушы орган тарапынан оларды шешуге жағдай жасалатындығын мәлімдеді. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.