Кеше Астана қаласының Бас жоспары ҒЗЖИ-де Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астананың жаңа орталығының құрылысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Онда Астанада және қаламен шектес аймақта үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының барысы, сол сияқты, бекітілген бас жоспар шеңберінде 2011-2013 жылдары салынуға тиіс мемлекеттік ғимараттар құрылысындағы бірінші кезекті инвестициялық жобалар туралы мәселелер қаралды.