• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Қорғаныс министрінің Кореяға сапары

486 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жұмыс сапарымен Корей Республикасында болды. Онда қорғаныс ведомствосының басшысы осы ел ұлттық Қорғаныс министрі Тэ Енг Киммен кездесті. Нәтижесінде өзара түсіністік пен әскери саладағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Кешегі күн, яғни 1 қазан – Ко­рей Республикасы Қарулы Күш­терінің құрылған күні. Бұл дата 1948 жылдан бері осылай белгіленіп, аталып келеді. Осы­­ған байланысты Қазақстан Рес­публи­касы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Корея қор­ғаныс ведом­­ствосы басшысы мен жеке құрамын жоғарыдағы атаулы күн­мен құттықтап, сапар барысында Қазақстан-Корея арасындағы қор­ғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша екі жаққа да пайдалы пі­кір алмасулар болғанын атап айтты. Біздің еліміз тәуелсіздік ал­ғалы бе­­рі Кореямен жақсы қа­рым-қатынаста. Соның бірі қос мемлекет қарулы күш­тері ара­сындағы өзара байланыс. Он­ың негізгі бағыттары – Ко­рея жағы­ның Қазақстан әс­­ке­ри-теңіз күште­рі­нің дамуына қос­қан үлесі, жоғары дең­гейдегі өза­ра сапарлар мен кез­де­су­лер, соны­мен бірге қазақстандық әс­­­­ке­­ри қызметшілердің Корея әс­­­кери оқу орындарында білім алуы. Бұл жерден алынған әскери бі­лім cапасы Қазақстан жағын қа­на­ғат­тан­дырып отыр. Осыған бай­ланысты Әділ­бек Жақсыбе­­­ков бұл бағытта келешекте ын­ты­­мақ­тас­тық нығая түсетініне сенім білдірді. Осы сапарда мемлекет Қор­ға­ныс ве­дом­ствосының басшы­ла­ры арасында Каспий теңізінде әс­кери және азаматтық кеме­лер­ді жөн­дей­тін көп салалы ке­ме жасау ке­ше­нін салу жөнінде де әңгіме қоз­­ғалды. Бұл ретте корей жа­ғының технологияны трансферт­теу мен қызметкер­лер­ді оқытуды қамтама­­сыз етуі қарастырылған. Сапар шеңберінде қазақ­стан­­­­­­дық әс­кери делегация атал­мыш елдің әскери-теңіз учили­щесінде болды. Мұнда Қа­зақ­стан Қор­ғаныс ведомствосының басшысы аталмыш оқу орнында оқып жатқан еліміз Қарулы Күш­терінің әскери қызметшіле­рімен кездесті. Бұл түлектеріміз Қорғаныс ми­нис­­трімен бірге жүріп, су ығ­ыс­тырғышы 450 тонналық ко­рабльді, “STX Co” кеме жасау за­­уы­тының цехтарын және ра­дио­лакация, байланыс пен ба­қылау жүйесін түрлі техникалар­­мен жабдық­тайтын “Samsung Thales” әскери өндіріс кешені­нің кәсіп­орнын аралады. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі. Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.