• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Темір жол байланысының қайта жандануын қолдады

428 рет
көрсетілді

Приднестровье бойынша Кишинев-Одесса бағытында темір жол жолаушылар тасымалының қайта іске қосылғанына орай ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мынадай мәлімдеме жасады. 2010 жылдың 1 қазанынан бастап Приднестровье бой­ынша Кишинев-Одесса темір жол бағытында жо­лау­шылар тасымалының қайта іске қосылғанына риза­шы­лы­ғ­ымды білдіремін, делінген мәлімдемеде. Атал­­ған мә­селе бойынша келісімге қол жеткізуде Еуро­палық Одақ­тың қолдауы маңызды рөлге ие болды. Ха­лықаралық дә­некерлердің қосқан үлесінің арқасында приднестровьелік реттеу жөнінде “5+2” форматындағы қатысушылардың өзара жемісті әрекеттері Днестрдің екі жағалауындағы халықтың мәселелерін қақтығысқан тараптар арасында үнқатысу орнату арқылы шешуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жыл тараптардың сенім шаралары жө­нін­де түрлі деңгейдегі кеңестері мен сараптамалық топ­тарының бірлескен белсенді жұмыстарымен ерек­ше­ленді. Бұл Приднестровье мәселесін ұзақ мерзімді және жалпылама саяси реттеуге өз септігін тигізуі тиіс, сол үшін “5+2” форматындағы ресми келіссөздерді қайта орнату қажет. Осы орайда Іс басындағы төраға процеске қаты­су­шылардың барлығын 1-2 желтоқсан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық аясында өз жұмыс­тарын белсенділендіруге шақырды.