• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2010

Палата отырысының күн тәртібі анықталды

414 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төр­аға­сы Орал Мұхамеджановтың же­текшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мә­жілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қаржы және бюджет комите­ті­­нің ұсынуымен “Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қыз­меттерді тұты­ну­шылар мен ин­весторлардың құ­қықтарын қорғау мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда талқыға шығарылатын болды. Ал Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті депу­таттар талқысына “Қазақстан Рес­­пуб­ликасының кейбір заңна­малық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын да бірінші оқылымда шығаруды ұсынды. Сонымен қатар, бірқатар ха­лық­аралық қатынасқа байланыс­ты заң жобалары да талқыға түсетін болды. Бюро отырысында Мәжілістің заң шығарушылық қызметіне қатысты өзге де мәселелер қаралды. “Егемен-ақпарат”.