Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты қатынастарды, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
М.Бочарников Төрағаны Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы С.Мироновтың Қазақстанға алдағы ресми сапары туралы хабардар етті. Дипломаттың айтуынша, биылғы 8-9 желтоқсандағы сапар барысында Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтың төртінші отырысын өткізу жоспарланып отыр.
“Біз алдағы сапарға зор маңыз береміз”, – деді Қ.Тоқаев.