• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2010

Ішкі саясаттың жас буыны

459 рет
көрсетілді

Бурабайдағы “Приозерный” демалыс ор­талығында Ақмола облыстық ішкі саясат бас­қармасының ұйымдастыруымен республ­и­­калық “Жазғы университет” әңгіме-сабағы өт­кізілді. Оған Білім және ғылым министр­лі­гінің, республикалық және аумақтық жастар қоғамдарының өкілдері, ішкі саясат басқар­ма­ларының бас мамандары қатысты. Қонақ­тар­ды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шөкеева құттықтады. Іс-шараның “Қазақстан Республикасын­да­ғы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мін­деттері туралы” жалпы сессиясын ми­нис­трліктің департамент бастығы М.Қожахмет басқарып, онда Елбасы Жолдауында алға қойылған тап­сыр­малардың орындалу барысы жан-жақты тал­қы­ланды. Сондай-ақ, жастар екі күн бойы Жастар конгресінің қызметі, жалпыхалықтық “Ауыл жастары” бастамасы, “Этноауыл” жобасы, қазіргі кездегі әлеуметтік бәсекелестік, жастар бірлес­тік­те­рін дамыту­да­ғы мүдделер ортақтығы бағы­тын­да ой салар­лық шебер сыныптар, пікір алмасулар, тре­нингтер, мәдени шаралар өткізіп, секциялар бойынша баяндамалар тыңдады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.