• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2010

Неміс тәжірибесі немесе уақытпен расталған табыс

719 рет
көрсетілді

Елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің (ТҚЖ) жұмыс істеп жатқанына жеті жыл. “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ – баспана жағдайын жақсартуды мақсат тұтқан республика тұрғындарына төмен пайыздармен заем беру арқылы көмекке келетін еліміздегі ТҚЖ жүйесіндегі жалғыз банк. Аз ғана уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің республикамыздың барлық аймағында филиалдары ашылғанын да айта кету керек. Бүгінгі таңда Банктің тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім-шарт жасасқан 200 мыңдай салымшысы бар. Ал шарттық сома 300 млрд. теңгеден асады. Аталмыш банктің басқарушы директоры Сәуле ЕГЕУБАЕВАНЫҢ айтуынша, Еуропада жүз жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан ТҚЖ жүйесінің тиімділігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеті жылдық тәжірибесінен де айқын байқалып отыр. Мәселен, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінің несие берудің жеке саласы ретінде негізі қаланған Германия сияқты елде халықтың 35 пайыздан астамы жинақтау жөніндегі келісім-шарттарға ие. – Сәуле Асқарқызы, неліктен еу­ро­палықтардың арасында тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі өте танымал? – Еуропа елдерінде ТҚЖ жүйе­сінің танымалдығы мен оған деген сенім – оның қызметінің табысты­лығына негізделеді. Германиядағы алғашқы құрылыс жинақ банкі 1885 жылы жасақталған. Қазіргі таңда бұл – қаржылық математика қағидатына құрылған, ақшаның келуі мен кетуі­нің түрлі маңыздылығын қамтамасыз ететін, несиелеу ісінің жеке саласына айналды. Германия тәжірибесі –қар­жыландырудың осы үлгісінің дағ­да­рысқа төтеп бере алатын, барынша тұрақты екендігін көрсетті. Құрылыс жинақ банктері өз клиенттері алдын­­дағы міндеттемелерін толық орын­дай­ды, ал тұрғын үй заемдары бойынша тіркелген сыйақы мөлшерлемелерінің тұрақтылығы ТҚЖ жүйесінің басты артықшылығы болып табылады. Германияда біз айтып отырған жүйе қарқынды дамыған, 80 милли­­он­нан астам халқы бар елдің 35 пайы­зы құ­рылыс жинағы туралы келісім-шарт­тарға ие, ал салынып жатқан құ­рылыс­тың 43 пайызы құрылыс­жи­нақ­кассала­ры­ның қаражатымен қаржы­ландырылады. Қазіргі күні халықаралық сарап­шы­­­лар дәл осындай келісім-шарттар­дың қажеттілігі мен жалпы құрылыс­жи­­нақкассаларына сенім көрсету мә­селесін талқылаудың өзін артық санайды. Себебі, Германияда бұл жүйе осы күні келісім-шартқа отырып жатқан жастардың әке-шешелеріне, ата-әжелеріне де қызмет еткен. Яғни, бұл уақытпен тексерілген, сенімге ие жүйе. Сондықтан Германия – ТҚЖ жүйесінің табысты дамуының жарқын мысалы бола алады. Сондай-ақ, бұл жүйе Франция, Люксембург, Чехия, Словакия, Венгрия, Қытай елдерінде де сәтті қолданылуда. – Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сінің салымшысы атанған еуропалық қандай мүмкіндікке ие? – Жекеменшік құрылысжинақка­с­са­лары одағының мәліметтері бой­ынша, 2010 жылдың басында Герма­ния­­­дағы құрылысжинақкассалары жа­саған келісім-шарттар саны 30,1 мил­­лионға, оның жалпы сомасы 763,4 миллиард евроға жеткен. Бұл сандардан әрбір орташа келісім-шарттың сомасы 25 мың евроны құрайтыны байқалады. Мұндай сомаға 7-8 жылға келісім -шартқа отырған салымшы тарифтік бағ­дар­­ламаға орай, орта есеппен айына 125 евро салым салса, ай сайынғы тұр­ғын үй заемы төлемдерін төлеу сомасы – 150 евро болады. Германия туралы сөз қозғай оты­рып, ТҚЖ жүйесі заемы ипотекалық заемдармен бірге баспананы жақсартуға жиі пайдаланатындығын айта кеткен жөн. Статистика бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға қажетті со­маның 20-дан бастап 30 пайызға дейіні – клиенттің жеке қаражаты, тағы 20-30 пайызы – құрылысжинақ­кас­сала­ры­­ның заемы, 40-тан бастап 60 пайызға дей­іні – ипотекалық заем болып келеді. Тұрғын үй заемы бойынша Герма­ния тұрғындары үшін жылдық сыйақы мөлшері 2,5-тен 5 пайыз көлемінде белгіленген. Осы тұста “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” тұрғын үй заемын жылдық сыйақы көлемі 3,5-5 пайыз аралығында 7 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге беретінін айта кеткен жөн. – Бұл жүйе немістердің өміріне әбден дендеп енген, сан мыңдаған адамдар осы елде құрылысжи­нақ­­кассаларының клиенттеріне айналып отыр. Сіздіңше мұның сыры неде? – Германияда ТҚЖ жүйесінің дамуында мемлекет үлкен рөл ойнайды. Неміс заңнамалары салымшыларға мемлекеттік сыйлықақы ретінде, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан да қосымша қаражат беруді қарас­ты­рады, салықтық жеңілдіктері тағы бар. Салымдарды жинақтау барысында жи­нақ шоттарына жыл бойында жинақ­талған қаражатқа 8,8 пайыз көлемінде сыйлықақы қосылады, дегенмен, сыйақының максималды сомасы от­басы­лы азаматтар үшін 1024 евродан, бойдақтар үшін 512 евродан аспайды. Және тұрғын үй сатып алуға әрекеттенген жұмысшының жинақ шотына жұмыс беруші де жылына 480 евродан аспайтын қосымша қаражат құяды. Егер жұмысшының жылдық жалақысы отбасылыларда 40 мың, бойдақтарда 20 мың евродан аспайтын болса, онда қосымша төлемге мемлекет тағы да сыйақылық үстеме ретінде 9 пайыз қаражат береді. Тағы бір еске­ретін жайт, мемлекеттің сыйлықақысы жинақтардағы салымдардың мерзімі 7 жылдан кем болмаған жағдайда тө­ленеді. Яғни, тұрғын үй саласы салым­шы­ларын қолдауда мемлекеттік сый­лық­ақы түріндегі төлемдердің болуы өте маңызды. Мәселен, 1987 жылы Германия мемлекетінің ТҚЖ жүйе­­сіне қатысушыларды қолдауға шығар­­ған шығыны 2,1 миллиард неміс маркасын құраса, 6 жылдан кейін құрылысжи­нақ­кассаларының елдің тұрғын үй са­ла­сына салған қаржысы 61 миллиард не­міс маркасына жеткен. Бұл салымшы­лар­ға жұмсалған мем­­­лекет қаржы­сы­ның тұрғын үй сала­сына салым түрінде бірнеше еселеп қайтқанын көрсетеді. – Бұл ТҚЖ жүйесінің мүмкінші­лік­­тері ұлттық тұрғын үй нарығын дамытуға септігін тигізе алады деген сөз ғой? – Халықты сапалы да қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – кез-келген мемлекет үшін түйткілді мә­селе. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйе­сінің талаптары адамдардың көп­шілігіне қолжетімді болғандықтын, ЖҚЖ жүйесі жұрттың жеке меншік баспана мәселе­сін мемлекеттің қол­дау­ын сезіне оты­рып, өзі шешуге де­ген құлшынысын арт­тырады. Осы­лай­ша, тұрғын үй мә­селесін шешудегі мем­лекетке жүктелген жауапкер­ші­лікті айтарлықтай жеңіл­детеді. Со­нымен қатар ТҚЖ жүйесі тұрғын үйлердің құрылысын тұрақты да­мы­туға әсер етеді. Осылайша, бұл жүйе нарықта жаңа жұмыс орында­ры­ның ашылуы мен жинақтау мен тұ­ты­ну үде­рістерін теңестірудің арқа­сын­да, тұр­ғын үй бағасының тұрақты бо­луына ықпал етеді. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ. Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады: Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында