• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2010

Мақсат – әлеуметтік әділеттілік

735 рет
көрсетілді

Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы 20 жыл халыққа қалтқысыз қызмет етті. Осынау жолда заман талабына сай бейімделіп, өркениетке ұмтылды. Кеше осы мерейтойлы датаға орай Кәсіподақтар федерациясында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға Кәсіподақ фе­де­рациясының бас кеңесі, Пар­ла­мент депутаттары, мем­лекеттік ұйым­дар, саяси партиялар мен қоз­ғалыстар, жұмыс берушілер бірлес­тігі, жалпы Конфедерация кәсіп­одағы (халық­ара­лық бірлес­тіктер) және ТМД Ұлт­тық кәсіп­одақ орта­лығы, Әзір­бай­жан, Қыр­ғызстан, Ресей, Тәжік­стан, Өз­­бек­стан, Ук­раина, Ресей кәсіп­одақ­­тар ұйым­дары­нан өкілдері қатысты. Конференцияның ашылу салта­натында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Қазақстан Кәсіп­одақтары федерациясының төр­ағасы Сиязбек Мұқашев баяндама жасады. Ол өз сөзінде Кәсіподақ­тар федерациясы­ның қиын да қы­зықты әрі күрмеуі күрделі жол­дарын тілге тиек етті. Өрнекті сөз­де, сонымен қатар, елі­міз­дің тыныштығы мен берекесі, әлеу­меттік әлеуеті, қоғамдағы оң өз­герістер де өз өрнегін тапты. Кәсіподақтың дамуына ықпал еткен еліміздегі аумақтық және са­ла­лық құрылымдардың орталық жү­йе арқылы орайлы іске бет бұр­ғаны ту­ралы айта келіп, С.Мұ­қашев 7 қа­зан­д­ы әлемдік “ла­йық­ты еңбек күні” ға­на емес, елімізде жыл са­йын  кәсіп­одақтар мерекесі деп атап өту жөнінде де ұсыныс жаса­ды. Ең­бек қатынас­тарын реттеу және биз­нес сала­сын­дағы әлеумет­тік әріп­т­естік пен қоғам­дық бақы­лау­ды кү­шейту, ұжымдар­дың ұйытқысына кепіл болу, береке мен бірлікті қа­лып­­­­тауға шақыру сөз ренкін аша түсті. Қазақстан Республикасы Кә­сіп­одақтар федерациясы төрағасы­ның бірінші орынбасары Ермек Жақ­сы­лықов отырыста кәсіподақ­тар­дың жетістіктері жайында ғана емес, кемшіліктері туралы да ай­тып өтті. Кәсіподақтардың өзекті мәсе­ле­лері, кәсіподақ жұмысын жан­дан­дыру, кәсіподақ қозғалысына дем бе­ру, ма­ман­дарды шыңдау, кәсіподақ бел­сен­ділерін ынталан­дыру, мақсат-мүд­де­лер­ді айқын­дау, құрылымдар мен жұ­мыс тәсі­лін жетілдіру сияқты мә­селе­лер қа­ра­лып, соңында кон­фе­рен­­ция­ның қорытынды құжаты қабылданды. Конференцияға қатысушы­ларға Кәсіподақ федерациясының 20 жылдық құрметіне арналған естелік белгілер табыс етілді. Кә­сіп­одақ мү­шелері еңбекшілердің құқығын қор­ғауда, әлеуметтік мә­селелерді шешу­де, қоғамдық-саяси көзқарас­ты қа­лыптастыруда, еңбек адамына ла­йық­ты өмірді насихат­тауда, сала­мат­ты өмір салтын ұс­тануда, сауық­тыру іс-шараларын қолдануда, ең­бек қауіпсіздігі мен еңбекақыны лайық­ты төлетумен қатар, әлеу­мет­тік әділ­дікте тізе қосуға ниет танытты. “Егемен ақпарат”.