• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2010

Қысылғанда жандарынан табылды

504 рет
көрсетілді

Бәрекелді!

Биылғы жылдың қара дауыл соққан 8 қыркүйегі күні облыс жұртшылығының есінде: “Өрт, орман тағы да өртенді”, деген бір ауыз суық сөзбен қалды. Ала жаз­дай қапырық ыстықта шырт етпеген Шалдай ормандарына әдейі­леп шырпы тигізгендей от-жалын лап ете түсті. Орманды ал­қап­тың 6 мың гектардай жері жа­нып кетті. Қалың ағаш шетінде бейқам отырған ауылдар дауылды күні қарадай әлекке түсті. Суық ха­бар жетісімен-ақ, жан-жақтан кө­мек келіп үлгергенше, аудан әкі­мі Сапаркелді Смағұлов өрт жа­лыны лаулап тұрған Шалдай ауы­лында жедел кеңес өткізді. Аудан­дық әкімдікке қарасты билік құ­ры­лымдарын орман өртін сөн­ді­­руге, ауылдағы бала-шаға, ел-жұрт­­ты аман-сақтап қалуға жұ­мыл­­дырды. Өзі де кабинетін жау­ып, күні-түні өрт сөндіруге келген жұртпен бірге жүрді. Шарбақты ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Дәулет Қасымовтың айтуынша, сол күнгі алапат апат шалғайда от­ырған ауылдарға оңай соққан жоқ, тұрғындар қатты қорқып қалды. Ал Бәйімбет ауылындағы кейбір отбасылары дүлей желден шығуға жасқанды ма, әлде ормандағы өрт ауылға жете қоймас деп ойлады ма, аудан әкімі бастап, өрт сөн­ді­рушілер келген кезде барып, ап­ыл-ғұпыл жинала бастаған кө­рі­неді. Сол жерде ауылдың 25 тұр­ғы­­нын жеделдетіп өздерінің қыз­мет­тік көліктеріне отырғызып, бі­рі­нен соң бірін Шоқтал ауылына жі­­береді. Үш айлық сәби түтіннен тұн­шыққан соң, бетін су орамал­мен жауып алып кетуге тура келіпті. Өрттің жалынынан сескенбей, әкім бастаған топ асығыста үйле­­рінде адамдар қалып қойған жоқ па екен деп ауылға қайта оралды. Адамдар өміріне қауіп төнген уа­қыттағы және табиғи апатқа тап кел­­ген кездегі бұл әрекеттерін әкім де, полиция қызметкері де, өрт сөндірушілер де өздерінің қыз­мет­тік, азаматтық борышымыз деп са­нады. “Ол кезде ойланып тұруға мұр­сат та болған жоқ, біз әрқай­сы­­мыз қауіп-қатердің ортасында жүріп осыны ұқтық. Көмектес­пе­сек ауылға енді кім көмек береді деген ой ғана болды санамыз­да”, – деп еске алды сол қысылтаяң шақ­­ты Д.Қасымов. Облыстан, Астанадан жедел көмек келіп жет­кенше екпіні қатты аласұрған жел­дің өтінде жүріп, лаулап көте­ріл­ген өрт кезіндегі ер-азаматтардың басты мақсаттары осы еді. Үш күннен соң, күзгі жиын-терін алдында ауылдардың ты­ныштығын кетірген алапат өрт те басылды. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен жан-жақтан көмек жетті. Ауылдар ес жиды. Оқыста апаттан қаза болған марқұмдарды жерледі. Жуырда еліміздің Төтенше жағ­­­дайлар министрі Владимир Божко арнайы келіп, өрт кезінде қыра­ғылық, қажырлылық көрсет­кен өрт сөндірушілерге, басқа да адамдарға “Құтқару операциясына белсенді қатысқаны үшін” төс­бел­­гілерін тап­сырды. Бұл адамдардың қата­рын­да Шарбақты ауданының әкімі Сапаркелді Смағұлов, аудан­дық ішкі істер бөлімі бастығының ор­ын­басары Дәулет Қасымов та бар. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.