• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2010

Әулеттер сайысы

616 рет
көрсетілді

“Отбасы – алтын діңгек” атты республикалық байқау өз мәресіне жетті Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мен Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы тілдерінің ХІІ республикалық байқауы ерекше атап өтуге тұрарлық. Аталмыш фестиваль аясында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі “Отбасы – алтын діңгек” атты отбасылар арасындағы республикалық сайыс. Фестивальдың мақсаты – ұлттық салт-дәстүр мен қазақы тәрбиені бойына сіңірген, балалары қазақ мекептерінде оқитын, өнерлі де өнегелі отбасылардың үлгісін дәріптеу десек, сайысқа еліміздің әр өңірінен қалалық, облыстық деңгей­дегі байқаулардан іріктелген 15 отбасы қатысты. Қатысушыларды “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­­кері Жанболат Аупбаев бастаған қазылар алқасы бағалады. Алғашқы құттықтау сөзде Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров Тіл фестивалі аясындағы ең соңғы шара осы отба­сылар сайысы екендігін айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын қастерлеп жүрген 15 отбасының өнерлері үш бө­лім арқылы көрініс тапты. Оның алғашқысы та­ныс­тыру бөлімі. Мұнда отбасылардың тіл байлығы мен мәдениетіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса мән берілді. Ал екінші бөлімі “Ұяда не көрсең...” деп аталатын үй тапсырмасы болатын. “Халқың қандай десең, салтымнан біл!” демекші, салт-дәстүрден халықтың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даналығы мен шешендігі, ұлттық көзқарасы көрінетіні баршаға мәлім. Бұл бөлімде осы талаптар орындалып, отбасының өзіне тән ерекше сипаттары көпшілік алдында наси­хат­талды. Соңғы бөлімде ұлттық құндылықтар мәде­ние­тіне ерекше мән берілген екен. Мұнда үлгілі от­басылар мемлекеттік тіл мен ата-бабала­ры­мыздың ізімен ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасқан ұлттық салт-дәстүрдің ұстанымдарын көрсетті. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бой­ын­ша бас жүлдені Ақтөбе облысынан келген Жә­мековтер әулеті, 1-орынды ақмолалық Дүнге­нов­тер әулеті, 2-орынды Алматы облысынан Сем­баевтар әулеті” жеңіп алып, 3-орын Оңтүстік Қа­зақстан об­лысынан келген Дүйсеқұловтар әулетіне бұйырды. Жүлделі орынға ие болған отбасылар диплом­дар­мен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болса, қалған отбасылар алғыс хаттармен марапатталды. Жұлдыз БАЙДІЛДА, ЕҰУ студенті.