• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Шеберлігіміздің шектеулі екені көрінді

474 рет
көрсетілді

Бұған дейін Қазақстан құрамасымен өткізген екі матчында да тең нәтижені қанағат тұтқан Бельгия үшінші ойынында жеңіске қол жеткізді. Қазанның 8-і күні Астананың “Астана-Арена” жабық стадионында өткен бұл екі құраманың Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінің үшінші турындағы кездесуі 0:2 есебімен, яғни “қызыл перілердің” 3 ұпай алуымен аяқталды. Қалай дегенде де, әзірге екі жақ күшінің ара салмағы тең емес еді. Шынтуайтына келгенде, кәрі құр­лықтағы нағыз ортаңқол құра­малардың бірі болып саналып жүргенімен, біз әлі тап осы Бельгия шендес елдердің футболшы­лары­мен жан алып, жан берісе­тіндей қайтпас шайқасқа түсе қоятын шамаға жеткен жоқпыз. Бүгінгі күннің айғақты ақиқаты осындай. Сондықтан, былай қарағанда, біз­дің жігіттер екі голды да тосыннан жіберіп қойғандай көрінгенімен, ол шын мәнінде күштінің күмпиюмен де диірмен тарта алатынын дәлел­деп бергендей болды. Әдетте мық­ты командалар қандай бір тепе-тең ойында да титтей ғана мүмкіндіктің өзін мүлт кетірмей жатады. Сол се­бепті де ол – мық­ты. Оның үсті­не қар­сылас қақпасына тап осы матч­та­­ғыша шабуыл жасаумен тең ойын­­ның өзіне үміт арту қиындау еді. Расы керек, жұма күнгі кездесу басы бельгиялықтардың қолға бірден ойын тізгінін алып алуынан басталса да, одан көп қауіптене қоймап едік. Ал біраздан кейін біздің жігіттер таразы басын тең ұстауға ұмтылып, қонақтар дарбазасына жөңкіле лап қойғаннан кейін көңілге тіпті ұтыстың да төбесі қылқиған­дай көрінген. Осы тұстары Сергей Хижниченко мен Нұрбол Жұмасқалиев екеуі бірінен кейін бірі ұтымды шабуыл ұйымдастырып, арғы алаңның төрінде атой салып жүрді. Сондай мезеттердің бірінде Нұрбол қақпашының қарсы алдында алған добын қақпадан асыра атып жіберді. Келесі кезекте бельгиялық­тар­дың қауырт жасаған қарсы шабуыл­дары біздің қақпаның жаны­на жетіп үлгергенімен, доптар Андрей Сидельниковтің қолымен кері қайтарылып жатты. Бірінші тайм да осылай қай жақтың таза басым екенін байқатпаған күйі аяқталды. Бірақ көңілге күп қал­дыр­ған бір нәрсе болды. Ол жігіт­теріміз қаншама шабуыл жасап, бұрыштама добын беру жөнінен 3-1 деген баланспен алда тұрса да, қарсыластар қақпасы шеңбері шеніне дәл соққы беруде 0-4 есебімен артта қалып қойғандары еді. Анығында, біздікі шуылы көп болғанмен, қол жеткені шамалы тірлік болды да шықты. Ойынның екінші бөлігін бельгиялықтар аса қауіпті бастады. Сөйтіп, тура соққыларын ақыры голға айналдыра білді. Бұл жерде олардың бас жаттықтырушысы өте сәтті алмастыру жасағанын айта кетуіміз керек. “Қызыл перілердің” тайм басында Воссеннің орнына алаңға шыққан Марвин Огуньими атты дебютант шабуылшысы көп ұзамай екі доптың да авторы атанды. Бұл голдың екеуі де біздің қорғаушылардың анық қателігі мен шеберліктерінің кемшіндігі сал­дары­нан соғылды. Екеуінде де допты тез қауіпсіз тұсқа қарай жө­нелтудің орнына қорғаныс шебінің ойыншылары абдырап, ауыр қоз­ғалды да қалды. Екеуінде де алғаш­қы соққыны қақпашы қайтарып бақты. Бірақ екеуінде де допты өзінің алдынан көп асыра алмады. Сондықтан ол біздің орашолақ қимылды қорғаушыларымыздың жайбарақат тұрып қалған сәттерін өте тиімді пайдаланған қарсыластар бір-біріне пас бере отырып, соңғы соққыны тыңнан қосылған ойын­шыға жасатып үлгерді. Адалын айтсақ, осы ойында ойыншыларымыздың орынсыз қателіктерге ұрынуы көрер көзге көп болды. Болмаса, бір рет ескерту алған қорғаушы Александр Кислицынның екінші мәрте тәртіп бұза тұрып, төрешінің ойынды тоқтатуына соншама наразылық көрсетіп несі бар еді? Бұл бассыз­дық оның алаңнан қуылуына апарып соқтырды. Осыдан кейін есепті теңестіру жөніндегі үмітті біржола жерлеуге тура келді. Енді оның орнына есепті ұлғайтып алмасақ жарар еді, деген қауіп туды. Бір тәуірі, осы екі голдан кейін меймандар аса көп жанталаса қойған жоқ. Ал қалыпты ырғақпен біткен матчта әдепкі есеп сол күйі сақталып қалды. Осы жеңіліс Қазақстан құра­­ма­­сының бас жат­­­­­­­­т­ық­ты­ру­­шы­сы Бернд Шторк­тің бұдан арғы қызметінің тағдырын ше­шіп те кеткен шығар. Олай дей­­тініміз, оған жыл соңына де­йін қалайда 3 ұпай алу міндеті қойылған бола­тын. Ал келесі қарсылас бүгін “Астана-Арена” ала­ңының төрінде еліміз коман­дасымен шеберлік салғастыратын Германия құрамасы екенін, осымен іріктеу турниріндегі биылғы кестенің тәмам болатынын ескерсек, Б.Шторк мырзада көп үміт қала қоймаған сияқты. Оны тек ойда жоқта бола қалатын “керемет” қана құтқара алады. Ал ондай ғажайып бола қалса, ол осы жолы тағы бір ескерту алған команда капитаны А.Карпович пен А.Кислицынсыз өтеді. Осы күні іріктеу турнирінің барлық топтарында кезекті турдың ойындары ойналды. Біздің “А” тобында Германия Түркияны, Австрия Әзірбайжанды өз алаң­дарында 3:0 деген бірдей есеппен тізе бүктірді. Басқа топтардан Белградта Сербияны тізе бүктірген Эстонияны, өз алаңында Слова­кияны ұтқан Арменияны айрықша атап өтуге болады. Бұл ойындардың екеуінде де 3:1 деген есеп тіркелді. Бұдан бөлек Ресей құрамасы Ирлан­дияны сол жақта 3:2 етіп ұтып қайтты (есеп тіпті 3:0 болып тұрған). Ал әлемнің “ең соңғы” чемпионы – Испания Мадридте Литва құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті. Осы екі арада Украина құрамасы Киевте Канада коман­дасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:2 деген тең есепке келісті. Серік ПІРНАЗАР. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.