• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Әріптестер ризашылығы

462 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасы Меджлисінің (Парламентінің) Төрағасы Әли Лариджанимен кездесті. Ол біздің елімізге Қазақстан Сенаты басшысының шақыруымен келген болатын, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы екі мемлекет арасындағы саяси сындарлы үн­қатысуды одан әрі дамытуда Қа­зақстан мен Иранның парламент­аралық байланыстарын белсенді­лендірудің маңызы зор екеніне тоқталды. Осыған байланысты ол   Сенатта ирандық парламент­шілер мен достық тобы жұмыс істей­ті­нін, сондай-ақ заң шығару ісін­дегі тәжірибе алмасу мен кеңе­су­лердің келешегі зор екенін айтты. Қ.Тоқаев Қазақстанның ма­ңыз­ды халықаралық бастама­ла­рын ілгерілетуде жан-жақты қол­дау білдіргені үшін Иран жағына ризашылығын білдіре отырып, біздің еліміздің экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін Иран бастамаларын қолдайтынын айтты. Иран парламенттік делегация­сы­ның басшысы өз кезегінде мем­лекетаралық қатынастарды ны­ғайтуда парламентаралық бай­ланыстардың маңызын атап өтті және біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жо­ға­ры бағалады. Ол сондай-ақ Қа­зақстан мен  оның басшысының халықаралық рөлі арта түскенін айтты және ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етіп жатқанын атап көрсетті. Ә.Лариджани өз еліне Қ.То­қаев­ты ресми сапармен келуге шақырды.