Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасы Парламентінің Төрағасы Әли Лариджанимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық қызметтестікті, сол сияқты Қазақстан мен Иран арасындағы өңірлік қарым-қатынастарды одан әрі тереңдете түсу мәселелері бойынша пікір алмасылды.
* * *
Мәселелерге маңыз берілді
Осы күні түстен кейін Үкімет үйінде Алматы қаласының аймағын дамытудың бас жоспарын – аумақта қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын талқылау бойынша жұмыс бабындағы кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Оның сыртында, бюджет үдерісін, салық салуды, зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлау, сол сияқты ғарыш қызметін дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.