• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

761 рет
көрсетілді

Казталов ауданының әкімі Та­был­­ғали Сапаров ауылдық округ­тер­дегі ат­қа­рылар жұмыстар мен өзекті мәсе­лелерді шешу жолдарын қо­ғамдық кеңес мүшелерімен ақыл­да­са отырып жүргізу қажет деп тапты. Әлбетте, мемлекет, қоғам болған соң оның қозғаушы күші де, жа­сау­шысы да адамдар. Осы орайда әр түрлі ұйымдар мен кеңестер құры­лып жатады. Олардың атқарар іс­те­рі де, белгілі бір мәселелерге ық­палы да әр түрлі болатыны белгілі. Дегенмен, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, кейбір қоғам­дық ұйым немесе кеңестердің аты бар да заты жоқ. Тіпті басқа жұрт бы­лай тұрсын, сол ұйымға мүше бол­­ғандардың өздері де біле бер­мей­тін, “бесінші дөңгелек” ұй­ым­­дар­дың бар екенін жасыруға болмас. Ал мұндай өлі ұйым, кеңестерге қалай жан бітіруге болады. Әрине ең алдымен оларға жауапкершілік арту, қоғамдық істерге тарту, қала берді атқа­ры­лар жұмыстардың ба­сына қойып, ха­лық сеніміне ие болу үшін жұмыс­тандыру қажет. Соның нәтижесінде олардың беделі де, жұртшылық ара­сын­дағы қадір-қасиеті де артары сөзсіз. Осы орайда кейбір округтерде бұрыннан бар, бірақ ұйықтап жатқан қоғамдық кеңес мүшелерін аудан әкімі Табылғали Сапаров өз ауылдарының жәй-күйі үшін жұ­мысқа қосты. Округ­терде құрылған қоғамдық кеңес мүше­лері өз ауыл­дары мұң-мұқтажының ше­ші­мін ұсынатын азаматтардан құралаты­нын ескерсек, атқарушы органдарға да көмекші болары айдан анық. Аудан әкімі аймақтағы он алты округ­тің жұмысымен танысқанда осы қоғамдық кеңес мүшелерімен кезде­сіп, олар­дың айтқан ұсыныс­тары­ның өзек­ті­лі­гін көзімен көрді. Ше­шімін күт­кен мәселелерге орай алдағы уа­қытта ре­тіне қарай жұмыстар атқарыла­тын­дығы түсін­ді­рілді. Мұның барлығын неге айтып отыр­мыз. Мәселенің мәнісі – ауыл тұрғын­дарының арасынан сай­лан­ған кеңес мү­шелеріне артықшылық беру. Осын­дай дау-дамайсыз, біреулерді кінәламай шешілген ша­руаларға тұрғындар да түсіністікпен қарауда. Кеңесіп пішкен тон қашан да келте болмайды емес пе? Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, журналист, Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы.