• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Отырыстың күн тәртібі қаралды

431 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыста депутаттар “1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Ресей Фе­де­рациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ре­сей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дип­ло­ма­тия­лық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және олар­ға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасын талқыға сала­тын болды. Сонымен бірге, Үкіметтен ке­ліп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мәселелері қа­­ралды. Сол секілді “1968 жыл­ғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашық Жол жүрісі туралы кон­вен­цияны толықтыратын Еуро­палық келісімді ратифи­ка­циялау туралы”, “Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратификациялау тура­лы” заң жобалары бойынша қоры­тынды шығару уақыты белгі­ленетін болады. “Егемен-ақпарат”.