• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2010

Кітапхана – рухани ошақ

759 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жү­г­і­ну тәуелсіздікке ие болған ел­дің өмірінен алатын заңды құбы­лыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәр­биесі сияқты үлкен міндеттер жа­тыр” деген болатын. Шынында, жа­­һандану заманында халқымыз­дың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін, рухани құнды­лықта­рын өскелең ұрпақтың сана­сына сіңіріп, ойына дарыту, бұл ұлт­тық патриотизмді өрістете ке­ліп, хал­қы­мыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, танып білуге сеп­тігін тигі­зері анық. Ал осы құн­ды­лықтардың жинақталатын орны кі­тап­хана екені белгілі. Сондай ру­хани ошақтың бірі Білім және ғылым министр­лігіне қарасты рес­публикалық ғы­лыми-педагоги­ка­лық кітапхана дер едік. Бұл кітап­ханадағы еліміздің білім беру са­ласындағы сандаған жылдар бойы жи­нақталған түрлі басылымдар қо­ры оқырмандардың қажетін өтеп келеді. Әсіресе, білім беру ісіндегі әдіс­темелік құралдар, орта, техни­калық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға қажет нұсқаулар, мек­теп кітапханасы жұмысын ұйым­дас­тыру мәселесі біздің кітапхана­дан бастау алып жатады. Шығып жатқан дүниелер әрбір тақырып­тар бойынша топтастырылып, оқу­шылардың пайдалануына қи­ын­дық келтірмеу жағы жан-жақты ойластырылған. Әсіресе, рухани тәрбие беру мәселесі бірінші ке­зекте тұр. Ғасырлар бойы сара­ланып, екшеліп дамыған халық даналығы, тарихи қазыналар – ұлтымыздың алтын қоры, рухани мол мұрасы. “Басында бұлағы бар өзен сарқылмайды” деп атадан балаға мирас болар осындай құн­дылықтарымызды ұлттық тәрбие беру ісіне тиімді пайдаланып ке­леміз. Ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпымызды, философиялық мәні жоғары жауһарларымызды жар­қыратып, бүгінгі заманмен ұш­тастыра отырып, жастардың ойы­на сіңіруді әр күн сайын жүйелі ат­қарудамыз. Оған қоса, кітап­ха­на­ның ел көлеміндегі бөлімдеріне көмек ретінде әдістемелік-биб­лио­графиялық құралдар ұсынып оты­рамыз. Оның ішінде ұлттық басы­лымдарды бірінші кезекте наси­хаттау тақырыбы “Ұлт мұрасы – рухани байлық көзі” деген тақы­рып аясында жүзеге асырылу үс­тін­де. Бұл дегеніміз, жас ұрпақты елін, Отанын сүйіп қана қоймай, оны ардақтау, сын сағатта қорғау секілді басты мәселелер алға шы­ғып отырады. Ал “Ұлт дәстүрі – ұр­паққа үлгі”, “Халық тәлімі – тәр­бие бастауы” атты тақырыпта кеш­тер ұйымдастыру арқылы ұрпақтар арасындағы сабақтастық­ты көрсетеміз. Қазір мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Бұл кітапханаларда бірінші кезекте тұруы тиіс деп ойлаймыз. Осыған орай кітапхана ұжымы тіл үйренушілерге арнап “Ана тілім – асыл қазынам” атты әдістемелік құрал әзірлеп шығар­ған еді. Онда қазақ тілінің бастау басынан бастап, құдіретті иірім­дері, мұхиттай терең мәні ұшан теңіз байлығы – осының бәрін бүгін қалай пайдаланып отырмыз деген мәселелер айтыла келіп, терең меңгерудің жол жобасын ұсынған болатынбыз. Қазір бұл дүние жұрттың сұранысына ие болып отыр. Рухани құндылықтың бастауы әдебиет пен мәдениет десек, біздің кітапхана осыған да жете мән беріп келеді. “Қазақ әдебиетінің әлемі”, “Ұлттық өнер­дің асыл арнасы” атты бөлімдер жа­салып, онда осы саланың ай­тулы өкілдері олардың өлмес, өшпес туындылары жинақталған. Ал “Тәрбиеге ұлттық сипат беру” тақырыбын енгізіп, ол бойынша бірінші, ұлттық құндылықтар өзе­гін құрайтын, ұлттық сананы қа­лыптастыру, этнопедагогиканы да­мыту, әрбір жасты жеке тұлға ре­тінде қалыптастыру, екінші, ұлт­тық тәлім-тәрбиеге ұйытқы бо­латын батырлық, батылдық туралы ертегілер, мақал-мәтелдер, тыйым, нақыл, шешендік сөздер, өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер арқылы баулу, ұлылардың өнегелі өсиет­те­ріне адал болып, мүлтіксіз орын­дау жолында ыждағаттылық таны­ту, тәуелсіз мемлекетіміздің рәміз­дерін қастерлей білу, тағы да басқа құндылықтар бірінші кезекке шық­қан. Кітапхана ұжымы осын­дай іс-шараларды жүзеге асыру ар­қылы елдік іске өз үлестерін қо­су­ды мақсат етіп отыр. Зейне ҚОСУАҚОВА, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.