• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Ынтымақтастықтың ықпалы зор

448 рет
көрсетілді

Кеше елордада “Нұр Отан” ХДП Ас­тана қалалық филиалында “Астана қала­сының әлеуметтік- экономикалық дамуы­на Кеден одағы интеграциялық үдерісінің ықпалы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуды “Нұр Отан” ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орын­басары Мұхтар Еркетаев жүргізді. Аталған басқосу “Нұр Отан” ХДП орталық ап­­пара­тының Кеден одағының өңірлер үшін артық­­шылығы туралы іс-шараларды ұйымдас­тыру, сон­дай-ақ тұрғындар арасында түсіндірме жұмыс­тарын жүргізу туралы тапсырмасын орын­дау мақсатында ұйымдас­тырылыпты. Қазіргі интеграциялық үдеріс барлық мемлекеттік орган­дарға, кәсіпкер­лерге және өзге де қарапайым тұтынушыларға өз септігін тигізеді. Кеден одағының құрылуы отандық кәсіпкерлер үшін кең жол ашады. Кеден шекарасы болмағандықтан, кеңейтілген рынок көптеген қар­жы салушыларды да қызықтырмай қоймайды, дейді дөңгелек үстелге қатысушылар. Іс-шара барысында Кеден одағының көкейкесті мәселелерін талқылау, бірлескен кедендік аумақ қызметінің бірінші кезеңдегі қорытындысын хабар­лау және астаналық өңір үшін жаңа кеден саясаты­ның ықпалды тетіктерін іске асыру жөнінде ұсыныс­тар қабылдау да назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ дөңгелек үстелге арнайы келген сала өкілдерінің ой-пікірлері де ортақ мақсат төңірегінде тоғысты. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.