• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Тұрақты және сенімді әріптестік

464 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияның Қа­зақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лале Улькермен кездесті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қа­тынас сенімді және тұрақты сер­пін­ге ие. Қорғаныс министрі осы­ны айта келіп, Түркия Қа­зақстанның әскери саладағы ең сенімді және тұрақты әріптесі екенін атап өтті. – Екі ел қарулы күштері арасындағы қарым-қатынастың негізгі бағыты қазақстандық әскери қызметкерлерді Түркия әскери оқу орындарында оқыту арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау мен жарақтандыру болып табылады. Сондай-ақ Қа­зақстан Қарулы Күштерін ре­фор­малау үдерісіне қатысу да на­зарда, – деп мәлімдеді қор­ға­ныс ведомствосының басшысы. Бұл сөздерді нақты мысал­мен беркітіп айтар болсақ бы­лай. Түркиядағы әскери оқу ор­ын­дарында 190-ға жуық қазақ­стан­дық әскери қызметші білім алуда. Содан соң біздегі “Спасск” оқу орталығында осы ел әскери нұсқаушыларының ұйымдас­тыруымен Қарулы Күш­теріміздің арнайы мақсаттағы 500-ге тарта әскери қызмет­ші­лерін дайын­дықтан өткізу жүзеге асты. – Алдымызда әскери салада­ғы екі жақты ынтымақтастықты екі мемлекеттің аумағында бір­ле­сіп оқу-жаттығу өткізу тұр, – деп атап өтті Әділбек Жақсы­бе­ков. – Осыған байланысты келер жылы Қазақстанда өтетін “Ал­тын үкі” бірлескен әскери оқу-жаттығуына Түркия Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін шақырып отырмыз. Қорғаныс министрі елшіге бұл кездесудің Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі да­мытуға жаңаша серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.