• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Билет кассалары жабылуда

462 рет
көрсетілді

“Жолаушылар тасымалы” АҚ жолаушыларға жайлы және сапалы қызмет көрсету шаралары аясында билет сату кассаларына бақылауды күшейтті. Осыған орай 2010 жылдың қазан айында акционерлік қоғам Алматы мен Шымкент вокзалдарының маңында орналасқан жеке агент­тіктердің темір жол билеттерін сататын кассаларында тексеру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жолаушылардың құқықтарының бұзылғандығы анықталды. Билет сататын жеке орындар, кассалардың жұмысын реттейтін ереже регламентінде көрсетілген талаптарға сай келмейді. “Жолаушылар та­сы­малы” АҚ жүргізген тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша вок­зал алаңында орналасқан 16 жеке кассаларды жабу туралы шешім қабыл­дады. Акционерлік қоғам билет сататын орындардағы тексеру жұмыстарын Қазақстанның барлық аймағы бойынша жалғастыруды көздеп отыр. “Егемен – ақпарат”.