Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі – Орталық Азия мемлекеттеріне арналған Превентивтік дипломатия орталығының басшысы Мирослав Енча мырзамен кездесті.
Тараптар Орталық Азия елдері, оның ішінде Қырғызстандағы халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыру мен қауіпсіздігі жолындағы ынтымақтастық жайында ой бөлісті.
Мирослав Енча Қырғызстанда 10 қазанда өткен Парламент сайлауы жайында айта келіп, Қырғызстан халқы елде тұрақтылық пен бейбіт жағдай орнаса деген тілек үстінде екенін байқағанын мәлімдеді.
Жәнібек Кәрібжанов бауырлас ел өз тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, ең алдымен, республиканың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешулері қажет деп табатынын жеткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.