• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Қоныс тойлар көбейді

556 рет
көрсетілді

Тіршілікке қажеттіліктер қата­рын санасаң, жаңыласың. Десек те, қалыпты өмір сүру үшін бас­пана мәселесінің шешімін тап­қа­нына не жетсін. Өңірде мем­лекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты қолға алынған жұмыс барысында жыл сайын тұрмысқа қажеттіліктермен жабдықталған пәтерлерді иелен­гендер қатары көбейіп келеді. Ал, жер жәннаты Жетісуға келіп, тұрақтағандардың өскен­ді­гі­нен кезектегілер де көп. Сон­дықтан  баспанаға деген сұра­ныс­ты қана­ғат­тан­дыру бағытындағы жұмыс жалғасқанын күні кеше Талды­қорған қаласындағы жаңа шағын ауданда салынған екі 40 және 20 пәтерлі көп қабатты не­сиелік үйден пәтер алғандар дә­лел­деп, олардың қуанышында шек болмады. Аталған көп қабатты үйлерді “Гәкку құрылыс” серіктестігі сал­ды. Қаратал өзенінің жаға­лауын­дағы 40 пәтерлі үйдің жалпы аумағы  3186 шаршы метр болса, мұн­да 10 бір бөлмелі, 20 екі бөл­ме­лі және 10 үш бөлмелі пәтер­лер­ге барлығы 186 млн. 967 мың теңге жұмсалса, оған іргелес 20 пәтерлі үйде 5 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі және 5 үш бөлмелі пәтер құрылысына 93 млн. 994 мың теңге қаражат игерілген. Несиелік үйлерден пәтерлі болғандар негізі­нен мемлекеттік қыз­метшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әскери қыз­мет­шілер болып шықты. Сол сияқ­ты әлеуметтік жағынан жет­кіліксіз қамтылғандар мен жас отбасылары да пәтер кілттерін алды. Облыс әкімі Серік Үмбетов пен қала басшысы Сәкен Жыл­қай­даров іргелі жұмыстардың Мем­лекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынға­нын атап өтті. – Халықта “Туы бірдің – түбі бар,  Жолы бірдің – жүгі бір” де­ген кімге де болсын өнеге, ұста­ным болатын ұғым бар. Осы­лайша бірлікті  ту етіп  көтерген­дік­тен қандай қиындықты бол­масын жеңіп ке­леміз. Оған кешегі Қызылағаш­тағы жағдай дәлел. Бүгін көптен күткен игіліктеріне қол жеткіз­ген­дерді қуаныштары­мен құттықтай­мын. Алдағы уа­қыт­та да Елба­сы­ның алға қойған тапсырмаларын орындап, құры­лыс қарқыны бә­сең­демейді. Жыл аяғында тағы бірнеше үй тұрғын­дар игілігіне бе­рі­летінін де еске саламын.  Шаңы­рақтарыңызға бақ-береке орнасын, деді Серік Әбікенұлы. Бұдан кейін жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тап­сырылды. Өздерінің жүрекжарды алғыстары мен тілектерін жет­кіз­гендер Талдықорғандай  әсем қа­ланың көркі мен тазалығын сақ­тап, осындай салтанатты қал­пын­да ұстайтындарын жеткізді. Пәтер кілтін алғандар қата­рын­дағы жас нәрестесін жетек­теген жанмен пікірлестік. – Жұбайым Сағат екеуміз де бюд­жеттік салада еңбек етеміз. Ке­зе­гіміз келіп, бүгін жаңа үйге кірдік. Бұрын пәтер жалдап, қи­нал­дық. Сол қиындық бір күнгідей болмады. Елбасына, облыс басшы­сына алғыс айта­мын. Жастарға деген қамқор­лық­ты сезініп ке­леміз. Жұмысымыз бар, енді үйлі болдық. Тек егемен елдің ертеңіне еңбек етіп, балаларымызды да жақсылыққа тәрбиелейміз, – деді Мәдина Құралбаева. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. ---------------------------------- Суретте: пәтер кілтін салта­нат­ты түрде тапсыру сәтінен.