• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2010

Кекушинкай каратэ-до

574 рет
көрсетілді

Он бес жүлде өзімізде қалды Жақында Астанада кекушинкай каратэ-додан ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында өткен ашық Азия чемпионаты аяқталды. Жарысқа құрлықтың 9 елінен қатысқан 70-ке жуық спортшылардың арасында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль­ді жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл сынға ұлттық құрама сапында 30-ға жуық каратэшілер қатысқанымен, солардың арасында әйелдер жарысында Наргиз Кенжебек (60 кг-ден жоғары) алтын жүлдені, Гүлсанат Самғалиева (60 кг) мен Эльвира Әбілғазина (60 кг-ден жоғары) күміс медальды жеңіп алса, Назгүл Малынбаева (60 кг-ден жоғары) қола медальды қанағат тұтты. Ерлер арасында 75 кг-ге дейінгі салмақтағы алтын, күміс, қола жүлделердің бәрі және 75-кг-ден жоғары бәсекелерде бір алтын медальды жапондар иеленсе, осы салмақтағы күміс және қола жүлдені Азамат Дүкенов пен Аслан Мұс­тафин еншіледі. Ал жасөспірімдер ара­сында Данияр Әлимусинов (55 кг-ге дейін) алтын, Исламбек Жұмабек күміс медальды мойнына тақса, 60 кг-ға дейінгі салмақта Наурызхан Қор­қыт бірінші орынды, Мәулен Шаймин екінші және Сабырбек Қожахметов үшінші орынды иеленді. Одан әрі Аян Бексайытов өз сал­мағында (65 кг-ге дейін) алтын, Аспан Сәдуа­қасов қола жүлдегер атанса, 65 кг-ден жоғары салмақта Василий Купренович бірінші орынды, Нұрзада Тұрабаев екінші орынды жеңіп алды.