Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:
1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:
1) Амандос Ақанаевқа, суретші – “Ұлы елдің тарандысы” (шежіресі) жобасы үшін;
2) Шәмші Қалдаяқовқа (марқұм), композитор – “Бақыт құшағында” әндер жинағы үшін;
3) Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовке (марқұм), ақын – “Менің Қазақстаным” өлеңдер мен дастандар жинағы үшін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қазанның 18-і. №1086