• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Қоғамдық кеңес құрылды

580 рет
көрсетілді

Жағымды жаңалық Мәдениет пен өнерді қолдау “Нұр Отан” ХДП қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табы­лады. Тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, рухани-мәдени мұрамызды сақтап, дәріп­теуге, жастарды мәдени-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағыттал­ған бағдарламаларды іске асыру бойынша партия мақ­сатты жұмыстар жүргізіп отыр. Әр жыл сайын нұр­отан­­дықтар ғылыми институт­тармен, облыстық және аудандық мұражайлармен бірлесе “Киелі мұрамызға тағзым” республикалық акциясын өткізеді. Акция шең­берінде барлық аймақтарда археологиялық экспе­дициялар, тарихи экспонаттар көрмелері, фотокөрме­лер, дөңгелек үстелдер, тарихи және мәдени ескерт­кіш­тер аумағын тазалау мен абаттандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәдениет, өнер және тарихи-мәдени мұраны сақтау салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде партия, мемлекеттік органдардың және азамат­тық қоғамның келісілген іс-әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында “Нұр Отан” партиясы­ның жанынан “Мирас” мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері бо­йын­ша қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Қазақ­станның көрнекті мәдениет пен өнер қайрат­керлері кірді. Кеңесті Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов басқарды. Кеңестің жұмысы мәдениет саласындағы мем­лекет­тік саясатты іске асыруға азаматтарды және қоғам­дық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, қоғамдық бірлес­тіктердің бастама­ларымен танысуға және олардың әлеуетін партияның мәдениет пен өнер сала­ларын­дағы қызметін тиімді көтеру үшін пайдалануға жағдай туғызады. “Егемен-ақпарат”.