• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Жаңа аппарат іске қосылды

535 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы меди­ци­на­лық жедел жәрдем ауруханасы­ның экстропорпоральды уытсыз­дан­дыру бөлімінде бүйрек дертінің созылмалы түрімен ауыратын нау­қас­тар үшін осы заманғы  “ИННОВА” (ІNNOVA) аппараты пай­далануға берілді. Бұл аппарат Швейцарияның “ГАМБРО” фир­ма­сынан шығарылған. Қалаға мұн­дай аппараттың он данасы жет­кі­зі­ліпті. Оның әрқайсысы 6 мил­лион теңге тұрады. Облыстың бас хирургі  Әсет Қалиевтің айтуынша, қазіргі таңда облыста 61 адам бүй­рек дертінің созылмалы түрімен ауырады екен. Мұндай науқастар диализдік терапия алуы қажет көрі­неді. Еліміздің Денсаулық сақ­тау министрлігі бүйрек дертінің созыл­малы түрімен ауыратындар үшін диализдік терапияны жақсарту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдап, әр облыста осындай ауруларды емдейтін бөлімшелер ашуда. Біздің облыста да он кереуеттік осындай бөлімше ашылыпты. Мамандардың мәлім­деуін­ше,  “ИННОВА-ның” басқа ап­парат­тарға қарағанда артық­­шылығы көп. Бұған дейін қышқыл мен би­кор­бана тұздары қолмен дайын­далса, енді зауыттың дайын ерітін­ділері пайдаланылады. Пультпен басқа­рылатын аппаратта жұқпалы аурулардан қорғайтын тораптар бар, сондай-ақ, науқастардың  қан қысымы мен тамыр соғысын авто­матты түрде өлшеп, тексеріп оты­рады. Аппаратта аурудың жағдайын бақылайтын “Диаскан” бағдар­ла­ма­сы жұмыс істейді. Ал  “Экзамес-ИННОВА” бағдарламасы бойынша интернет арқылы еліміздегі және шетелдердегі гемодиализдік орта­лық­тармен байланысқа шығуға болады. Осы заманғы аппаратта жұмыс істейтін ақтөбелік дәрігерлер Киев қаласында тәжірибеден өтіп келді. Саратов қаласының гемодиализ орталығының бір топ мамандары ме­дициналық жедел жәрдем ауру­ханасының дәрігерлеріне оқу-жат­тығу семинарын өткізіп, кеңес берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.