• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2010

Екі күндік семинар өтті

451 рет
көрсетілді

Бас прокуратурада “Қазақстан Республи­ка­сының прокуратура органдарында ақпа­рат­тық технологияларды қолдану” атты тақы­рыпта неміс сарапшыларының қатысуымен екі күндік семинар өз жұмысын бастады. Семинарды Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель ашты, ол талқыланып отырған тақырыптың прокуратура органдары қызметін жетілдіруде өзектілігін атап өтті, өйткені,  қылмыстарды жедел тергеу көп жағдайда тергеу және анықтау органдарын расталған ақпараттармен қамтамасыз етуге байланысты болады, ал автоматтандырылған жүйені қолдану іздеудің тиімді әдістерін құруды және оларды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз етеді. Семинар барысында неміс сарапшылары Германияның құқықтық жүйесі туралы, құқық қорғау органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі, арнаулы юрисдикцияларға арналған электронды құқықтық байланыс туралы, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымдарындағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның прокуратура органдары өкілдері Бас прокуратураның және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы баяндап, азаматтық-құқықтық статистиканы қалыптастырудың мәселелері жөнінде жария етті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.