• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2010

Мәжіліс бюросының отырысы

416 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісі­нің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда жалпы оты­рыстың күн тәртібіне ұсы­нылатын мәселелер қаралды, деп хабарлады Мәжілістің бас­пасөз қызметі. Аграрлық мәселелер коми­теті депутаттардың талқысына  шаруа (фермер) қожалықтары­ның қызметіне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда тал­қыға салуды ұсынды. Экономи­калық реформа және өңірлік даму комитетінің ұсынысы бойынша “Мемлекеттік мүлік ту­ралы” және осы заң жоба­сы­на орай бірқатар заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасының екінші оқылымда талқыға шығарылатыны мәлім болды. Сонымен бірге, Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтен ке­ліп түскен бірқатар жаңа заң жо­ба­лары­на қорытынды әзірлеу уа­қыттары анықталатын бо­ла­­ды. Сол секілді бюро отыры­сында Экология мә­се­лелері және табиғат пайдалану коми­те­тінің Шы­ғыс Қа­зақстан облы­сында көшпелі оты­рысын (2010 жылғы 18-19 қа­ра­ша) өткізу туралы мәселе қаралды.