• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2010

ПАРЛАМЕНТ

392 рет
көрсетілді

“Егемен Қазақстанның” арнаулы беті Ауқымды міндеттерді шешу жолында Парламент Сенатында Төраға орынбасары Мұхамбет Көпеевтің қаты­суымен “Дағдарыстан кейінгі кезеңге өту кезінде Қазақстанның қар­жы жүйесінің дамуы” тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы бол­ды. Басқосуға палатаның Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Қай­рат Ищанов төрағалық етті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Дөңгелек үстел отырысын аша келіп Қ.Ищанов жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жалпы әлемдік тұрғыдағы және ұлт­тық деңгейдегі қаржы қаты­нас­тарының қазіргі үлгілеріндегі же­тіс­пеушіліктерін көрсеткенін атап өтті. Қаржы жүйесінің орнық­ты­лы­ғы мен бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­ру мақсатында Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы бойынша Қар­жы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамыту тұжырымдамасы әзірленген болатын. Бұл тұжы­рым­дама биылғы ақпан айында Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың Жарлығымен мақұлданды. Дөңгелек үстелге қатысушы­лар алдында сөз алған сенатор Рашит Ахметов экономика мен қар­жы жүйесін тұрақтандыру жө­ніндегі дағдарысқа қарсы шара­лар­ды заңнамалық тұрғыда қамтама­сыз ету мәселелеріне назар аудар­ды. Оның айтуынша, қаржы жүйе­сінің орнықтылығы жөніндегі қол­даныстағы құқықтық базаға мез­гі­лін­де түзетулер енгізу, ұжымдық ин­вестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін, Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржыны қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдардағы экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруға, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы жүзеге асыру­ды құқықтық қолдауға қа­тысты Р.Ахметов ипотекалық несиелеу және қаржылық қызмет көрсетудегі тұтынушылар мен инвесторлар құқығын қорғау, банк пен қаржы ұйымдарының тәуекелін азайтуды реттеу, исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары әзірленгенін атап өтті. Бұл құжаттар қазіргі кезде Мәжілісте қаралып жатыр. Қаржы жүйесіндегі тәуекелдің ұлғайып отырғанын, ал қаржы ұйым­дары қаржыландырудың дағ­дарысқа дейінгі тәжірибесін іске асы­рып отырғанын ескере келіп, Р.Ахметов тиісті нормативтік ак­ті­лерді жедел түрде қабылдау қажет­тігін атап өтті. Сенатор сондай-ақ институционалды инвесторлар қар­жысын тарту секілді жаңа қаржы сая­сатының бағытын жүзеге асыру­дың маңызына назар аударып, жи­нақ­таушы зейнетақы қорлары ак­тивтерін, халық жинақтарын тарту жөніндегі шараларды заңнамалық тұрғыда қолдау мәселелеріне тоқ­талды. Депутат кейінгі мәселенің келешегі зор екенін айта келіп, оның отандық қаржы рыногының бұрынғы кеңестік кеңістік пен Ор­талық Азия аймағындағы алдыңғы қатардағы он қаржы орталығының қатарына кіру мақсатына жауап бере алатынын атап көрсетті. Дағдарыстан кейінгі кезеңге өтердегі қаржы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бары­сында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д.Әкішев, Қаржы ры­ногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі басшысы­ның орынбасары Қ.Қожахметов, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Ш.Қанапиянов, Қаржы министрі­нің орынбасары А.Шоқпытов, Экономикалық даму және сауда ми­нистрінің орынбасары М.Құ­сайы­нов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің өкілі Ж.Әбдікәрімова депутаттардың сауалдарына жауап берді. Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар қаржы секторын мемлекеттік реттеу, тәуекелдерді азайту, қаржы рыноктарын дамыту, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі эко­номиканы ынталандыру мәселе­ле­ріне ерекше назар аударды. Жас маманға ауылға баруды міндеттеу керек Парламент Мәжілісінде “Нұр Отан” ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес пен Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті “Медициналық және педагогикалық кадрларды ауылдық жерлерге бекітудің жағдайы және оған қажетті шаралар туралы” деген тақырыппен бірлескен отырыс өткізді. Жас мамандарды орнықтырудың Үкімет және жергілікті билік қабылдап жатқан шараларына қарамай, олардың әлі де ауылдан кетуі жалғасып, педа­гогтар мен дәрігерлер жетіспей жатыр. Республика бойынша мамандармен қамтамасыз етудің 10 мың тұрғынға шаққанда орташа көрсеткіші: дәрі­гер­лер – 30,9-ды, орта буын медици­на­лық қызметкерлер 74,8-ді ғана құрайды. Әлеуметтік кеңес Қазақстан Рес­публикасының “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексін, “Білім беру туралы” және “Ауылдық аумақтарды дамыту туралы” заңдарды, сондай-ақ “Дипломмен – ауылға” акциясын іске асыру шең­бе­рінде жас мамандар – дәрігерлер мен педагогтарды ауылдық жерде орнық­тырудың жағдайын қараған болатын. Үкімет тарапынан бұл бағытта нақты шаралар қабылданған. Кемінде 25 пай­ыз жалақы мен тарифтік ставка өсуде, 70 ең төменгі есептік көрсеткіштен кем емес көлемде көтерме ақша және 630 АЕК көлемінде тұрғын үй алуға қаражат бөлінуде. Педагогтарға тұрғын үй, соның ішінде қызметтік немесе жа­тақханадан орын беру кепілден­ді­рілген. Жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдері бөлінуде, ипотекалық несие­мен берілетін тұрғын үйлер салынуда, коммуналдық қызмет ақыларын жабу үшін бір реттік ақшалай өтемақы бөлінуде. Отырыс барысында медициналық және педагогикалық кадрларды ауыл­дық жерлерге орнықтырудың жағдайы мен шаралары туралы Денсаулық сақ­тау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Садықов, Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сары­бе­ков, Ауыл шаруашылығы министр­лі­гі­нің комитет төрағасы Санат Тұң­ғыш­беков баяндама жасады. Мәжіліс депутаттары Д.Нөкетаева, Д.Клеба­нова, А.Соловьева, Қ.Ыдырысов, Қ.Би­сенов аталған мәселеге орай сұ­рақтар қойды. Депутат Нұрлан Өнер­бай “Жас мамандарды шақыра бер­генше, ауылға барып белгілі уақытқа қызмет етіп қайтуға міндеттеген дұрыс шығар”, деген ұсыныс айтты. Отырысқа шақырылған аталмыш проблемаға мүдделі министрліктер, ведомстволар, колледждер мен жоғары оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері медициналық және педаго­гикалық кадрларды ауылдық жерлерге бекіту мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды. Сәуле ДОСЖАНОВА, журналист. Қытай елшісімен кездесті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Ха­лық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен кез­десті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Комитет төрағасы елшіні өкілетті қызметімен құттық­тап, екі ел арасын бұдан әрі жа­қындастыру жолында ең­бек жа­сайтынына се­німділік біл­дір­ді. Тарихы ғасырлар те­реңінде жатқан көрші мем­ле­кеттердің арасындағы байла­ныс­ты дамытуға ел басшы­ларының сіңіріп жатқан еңбегін айтып өтті. Сонымен қатар, елшіге Қазақстан Республи­касы Парламентінің құрамы мен заң шығару жұмысы жайында әңгімелеп берді. Елші Қазақстан мен Қытай арасында тек стратегиялық се­рік­тестік қана емес, парла­мент­аралық та байланыстың ма­ңызды болып отырғанын хабарлады. Алдағы уақытта екі елдің арасындағы достық бай­ла­ныстарды жандандыру жо­лын­да қызмет ететінін мәлімдеді. Мәжіліс – бундестаг – “халықаралық парламенттік тәжірибе” Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу­таттары Наталья Геллерт, Сансызбай Есілов, Виктор Киянский Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты Воль­фганг Бернзен бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. “Біздің елімізді сіздердің мемлекет дамуы мен халық­ара­лық жүйеге белсенді ара­лас­тыратын сот-құқықтық жүйеге жүргізген рефор­ма­лары­ңыз қызықтырады”, – деп сөз бастады Мәжіліс де­путаты Н.Геллерт. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында тұрақты түрде әр­түр­лі кездесулер, конференциялар өткізудің бел алып келе жат­қа­нын айтты. Мәдениет пен өнер, білім, гендерлік және жас­тар саясаты бойынша қол­дау көрсетіп отырғандарына ризашылығын білдірді. Гер­ма­ния Бундестагында халық­ара­лық парламенттік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкіл­де­рі өтетін тәжірибе алмасу жай­ына айырықша тоқталды. Мәжіліс депутаты еліміздің құқықтық өзегі болып отырған Қазақстан Конституциясына 15 жыл толған мерейтойын атап өтіп, құқықтық саясат тұжы­рым­дамасын қабылдаға­ны­мыз­ды жеткізді. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның ерекше инс­титуты – Парламент Мәжі­лісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайыннан да хабардар етті. Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты В.Бернзен осы кез­десуде алдына қойып келген басты мәселесін айтты. Әлемнің 30 елінен жастарға Герма­ния­ның парламенттік жүйесімен таныстыратын Бундестаг қар­жы­ландыратын “Халықаралық парламенттік тәжірибе” бағ­дар­ламасы бүгінге дейін Қа­зақстаннан бес жылда 25 сти­пендиат шығарған. Енді 2011 жылға тағы 5 қазақстандыққа мүмкіндік туғызбақшы. Сондай-ақ осы бағ­дар­ламаға орай неміс азамат­та­рының да Қазақстанның ең жоғарғы өкілетті органында тәжірибеден өтуіне мүмкіндік туғызылса деген өтініштерін жеткізді. Осы бағдарламаға Қа­­зақстан жағынан ресми қамқор бекітілуін қалайтындықтарын мә­лімдеді. Екі ел елшілік­тері­нің қолдауымен неміс және қазақ тілдерінде шығарған халықаралық парламентаризм туралы кітаптарын әріптес­те­рі­не тапсырды. *   *   * Наталья Геллерт, Сансыз­бай Есілов, Виктор Киянский Қа­зақстан-Германия пар­ла­мент­ара­лық ынтымақтастық то­бының мүшелері болып табылады. Қызылорданың қорғаныш дамбасына қаражат бөлінсе 2007 жылы “Сырдария өзе­ні­нің жағалауын бекіту және Қызылорда қаласының қор­ға­ныш дамбасын қайта жасау” жо­басы­ның техника­лық эконо­ми­калық негіздемесін жасау үшін облыстық бюджеттен тиіс­ті қаражат бөлін­ген болатын. Мемлекеттік сарап­та­мадан өт­кен осы жоба Сырда­рия өзе­ні­нің сол және оң жақ жа­ғалауын қа­жетті құ­ры­лыстармен бекітіп, Қызылорда қаласының инфра­құрылымын дамытуды көздейді. Жоба бойынша облыс орталығы Қызылорда қала­сы­ның қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету үшін қор­ғаныш дамбасының жоғар­ғы жағын арнайы ұзына бойына 16,43 км. ұзындықтағы қапта­ғыш­тармен қаптау қарас­тырылған. Жоба екі кезектен тұрады. Бас­тапқы баға бойынша құны 16 млрд. 570 млн. теңге, оның ішінде оң жағалау бойынша (бірінші ке­зек) – 8 млрд. 860 млн. теңгені, сол жағалау бой­ынша (екінші кезек) 7 млрд. 711 млн. теңгені құ­райды. Бі­рінші кезек құры­лы­сының мерзімі 4 жылға есептеліп, 2008-2011 жылдар аралығын қам­тыған болатын. Жобаны жүзеге асыру үшін 2008 жылға республикалық бюд­жет­тен 500 млн. теңге бө­лін­ген бола­тын. Бұл қаражат Қы­зылорда қаласындағы Қор­қыт Ата мемо­риалының тұсын­дағы ұзындығы 300 метрді құ­рай­тын дамбаны бекітуге жұм­салған. Сонымен, қауіпсіздік ма­ңыз­ды­лығы республика дең­гейіндегі және облыс халқы үшін өте қа­жетті жоба екі жыл бойы қар­жы­лан­дырылмай келе жатыр. Биыл  Алматы облы­сын­дағы апатты жағ­дайдың өзі елімізді дүр сілкін­дір­гені белгілі. Бүгінгі күні Қызыл­орда қала­сын тасқын су апатынан қор­­ғау­дың бірден-бір амалы осы жо­баны іске асыру болып табылады. Осы жағдайды ескере оты­рып, Үкімет жоғарыда аталған жобаның бірінші кезегін аяқтап, Сырдария өзенінің оң жаға­лау­ын бекіту мақсатында респуб­лика бюджетінен 8 359,357 млн. теңге қаражаттың бөлінуіне ық­пал жасаса, нұр үстіне нұр бол­мақ. Өйткені, бұл мәселе жеңіл-желпі қарауды көтермейді. Қылышбай Бисенов, Мәжіліс депутаты. Тиімділігі көп хаттама Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат коми­те­тінде “1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі ара­сындағы темір жол көлігі кәсіп­орындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланды. Хаттаманың мақсаты Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында темір жол көлігі саласындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу болып табылады, бұл темір жол учас­ке­лерін оларды пайдалануды жүзеге асыратын тараптың меншігіне беруге мүмкіндік береді. Осы хаттамаға сәйкес Қазақ­стан Республикасына темір жол­дардың жалпы ұзындығы 261 ша­қырым транзиттік учаскенің және ұзынды­ғы 314 шақырым тран­зиттік емес, барлығы 575 шақы­рым учаскенің мүлкін беру жоспарлануда. Ресей Федерациясына темір жолдардың ұзындығы 514,4 ша­қы­рым транзиттік учаскенің және ұзындығы 52 шақырым тран­зит­тік емес, барлығы 566,4 шақырым учаскенің мүлкі берілетін болады. Хаттаманы іске асыру Қазақ­стан Республикасына мынадай мәселелерді тиімді шешуге: - жүктерді тасымалдаудың құ­нын төмендетуге; -  меншікке өтетін объектілер мен учаскелердің жай-күйін жақсартуға; - Ресей аумағында күзет қыз­меттерін құруға, күзет қызметін жүзеге асыруға; - темір жол көлігі саласын­да­ғы құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Хаттамаға 2009 жылғы 21 ма­мырда Астана қаласында қол қой­ылған болатын. Заң жобасы пала­таның қарауына жіберілді, деп хабарлады парламент Сенатының баспасөз қызметі. Еңбек кодексі  толықтырылады Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасы­ның Еңбек кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” заң жобасының таныстырылымы өтті. Таныс­ты­рылымды  палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төр­айымы Динар Нөкетаева жүргізіп отырды. Заң жобасы жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады. Аталған заң жобасының негіз­гі міндеті қоғамдық келісімді және экономикалық дамуды қам­та­масыз етуге, лайықты еңбекке заң жүзінде қолдау көрсетуді қам­тамасыз етуге, бағытталған де­мократиялық, құқықтық және әлеуметтік тетіктерді одан әрі да­мыту мақсатында еңбек қаты­настарын құқықтық реттеуді жетілдіру болып табылады. Заң жобасы қоғам мүше­ле­рінің экономикалық белсенділігін ынталандыруға, жұмыскерлерге берілетін экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерді, олардың еңбек жағдайларын жақсарту арқылы еңбек өнімділігі мен өн­ді­ріс тиімділігін, жалпы эконо­ми­каның үдемелі дамуын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл құ­жатта жұмыскерлердің еңбек құ­қықтарының бұзылуының алдын алатын ережелерді күшейту, Ең­бек кодексінің тәжірибеде әр түрлі түсіндірілетін нормаларын жетілдіру, кереғар нормаларды алып тастау ұсынылады. Министр таныстырылымға қатысқан Мәжіліс депутаттары М.Тінікеев, Л.Питаленко, В.Не­хо­рошев, Г.Исімбаева, Б.Байма­ғам­­бетова, В.Котович,  В.Ви­шни­ченко және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің  сұрақтарына жауап беріп, түсініктемелер жасады. Заң жобасы енді жұмыс то­бы­ның жетекшісі депутат Қылыш­бай Бисеновтің басшылығымен одан әрі талқыланатын болады, деп хабрлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Сыннан өткен әдісті қолдайық “Оңтүстік Қазақстан облысының мақташылары ауылшаруашылық зиянкестерінің зардабынан тиісті өнім ала алмай үлкен қаржылай зиян шегіп отыр. 2010 жылы мемлекет тарапынан химиялық өңдеуге 284 млн. теңге қаржы бөлінді. Ол қаржыға алынған химиялық препараттар зиянкестерге әсер етпей, көптеген шаруашылықтар өнім ала алмады, алғандары гектарына 8-10 центнерден асқан жоқ. Бұл – мақта шаруашы­лы­ғының тарихында болмаған жағдай. Диқандар мақта бағасының көтеріл­ге­ні­не сенім артып отыр. Мақта бір миллионнан астам адамның жұмыс орны, яғни күн көрушіліктің көзі, экс­порттық дақыл – ұзақ сақтауға тө­зімді басқа дақылдардың барлығы мау­сымдық – дақыл төзімсіз сол себеп­тен мақталы өңірде 55-60 пайыз жерге мақта егуге мәжбүрміз. Халықаралық сарапшылардың бол­жамдары бойынша, келешекте де мақта бағасының көтерілетіні айты­лу­да. Алдағы мақсат – гектар өнім­ді­лігін арттыру. Кеңес өкіметі кезінде ұшақпен, ауылшаруашылық техни­ка­лары­мен химиялық препараттарды пайдаланып, зиянкестерді құрта алма­ғанбыз. Сол себептен мемлекеттен бөлінген қар­жыларды экологиялық таза, халықтың денсаулығына зиян келтірмейтін, зиянкестерге жақсы әсер ететін, әрі өте арзан, табиғи пай­далы фауналарды көбейтуге жұмсау керек. Ол үшін био­лабора­тория­лардың, биофабрикалардың жұмысын жолға қойса жеткілікті. Бұл – өнді­рісте пайдаланылған, тәжірибеден, сыннан өткен әдіс. Үкімет министр­ліктің тиісті мамандарын, ғалымдарды 2011жылдың басынан бастап осы әдістің іске асуына бағыттаса құба-құп. Өстемір БЕКТӨРЕЕВ, Мәжіліс депутаты.