• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2010

Парламентаралық шараларға қатысуда

323 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жанов бастаған де­легация Санкт-Петербург қала­сында өтетін парла­мент­аралық ша­раларға қатысады, деп хабар­лады Мәжілістің баспасөз қызметі. Санкт-Петербургте ТМД елдері және ЕурАзЭҚ-тің парламент­ара­лық ассамблеялары және Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы аясын­да бірқатар шаралар өтеді. Соны­мен қатар, ТМД-ға мүше мемле­кет­тердің Парламентаралық Ас­самблеясы және Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің бастамасы­мен 28 қазанда  Қазақстанның Еу­ропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымына төрағалық етуіне арналған халықаралық пар­ламенттік конференция болады. Бұл форум “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспек­тивалар” деп аталады.