• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2010

Еуропа қауіпсіздігінің келешегі мәселесі басты назарда

633 рет
көрсетілді

Бұған дейін хабарланғанындай, жақында Мальтаның астанасы Валетта қаласында ЕҚЫҰ-ның жерортатеңізіндік кезекті конфе­рен­циясы болып өтті. Аталған форум жылына бір рет өткізіледі және Ұйымға мүше мемлекеттер өкілдері мен ЕҚЫҰ-ның жерорта­теңізіндік әріптестерін жинайды. ЕҚЫҰ-ның жерортатеңізіндік әріп­тестері Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис мемлекеттері болып табылатыны белгілі. Конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің төрағасы, елші Қай­рат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен олардың жерортатеңізіндік әріптестері арасындағы бірлескен жұмыс Ұйымның жауапкершілігі айма­ғын­­дағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпал ететінін мәлімдеді. Осы орайда Қ.Әбдірахманов былай деді: “ЕҚЫҰ-ның жерорта­теңізіндік әріптестері – Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунистің қатысуы­мен қауіпсіздік мәселелері бойын­ша семинарлар өткізу сияқты жобалар әріптестікті нығайтуға жәрдемдесетін болады. Алдағы жылы ЕҚЫҰ әріптес елдердің жас дипломаттарына Ұйым құрылым­дарын­да жұмыс істеу үшін демеу­шілік жасайды; қазіргі кезде Оңтүс­тік Жерорта теңізі аймағын­да қор­шаған орта және қауіпсіздік мәселелерін бағамдау үшін бірлес­кен консультациялар жүргізілуде”. – Білім алмасу және бірлескен жұмыстардың арқасында біз өзіміз­дің әріптестігіміздің негізгі мақсат­та­рының бірі ортақ қауіп­сіздігімізді кеңейту және нығайту болып табы­латынын түсінеміз, – деді ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің төрағасы елші Қ.Әбдірахманов. Кездесу барысында ЕҚЫҰ-ның сенім шараларын нығайту мен қауіпсіздік, экономикалық және эко­логиялық проблемаларды шешу жол­дарын іздестіре отырып, қауіп­сіздік пен тұрақтылықты бекемдеу, сондай-ақ төзімділік пен қысым көр­сетпеу салаларындағы тәжіри­белер секілді тақырыптар талқы­ланды. Мальта Премьер-министрі­нің орынбасары – Сыртқы істер министрі Тонио Борг ЕҚЫҰ айма­ғы көпшілігі трансұлттық және аймақаралық болып табылатын аса күрделі және барған сайын сан түрлі кейіпте көрініс беретін проблемалармен бетпе-бет келіп отыр, деп мәлімдеді. “Бұл проблемалар құрамына қару-жарақ, есірткі және адам саудасы, заңсыз миграция, терро­ризм, төзімсіздік, тиісті басқарудың болмауы, кедейшілік пен теңсіздік, сондай-ақ энергия жетіспеу­ші­лігінен немесе су тапшылығынан пайда болатын қауіпсіздік тәуекел­дері кіреді, – деді ол. – Осы проблемалардың кейбіреулері бұған дейін таза гуманитарлық дерлік астарда қарастырылып келсе, күні бүгін де аймақтық және субаймақ­тық қауіпсіздікке тікелей әсер етуші проблемалар қатарында қа­рас­тырылып отыр. Олар тұрақ­сыздыққа немесе тіпті жанжалдар пайда болуына алып келуі ық­тимал”. Литваның ЕҚЫҰ-дағы елшісі, Жерортатеңізіндік әріптестермен ынтымақтастық байланыстар жөнін­дегі топтың төрағасы Ренатас Норкус жиында былай деді: “Литва ЕҚЫҰ-ға 2011 жылы төрағалық ететін болады. Ал тұрақтылық пен өркен­деуге қатер төндіретін қауіп­сіздік саласындағы қазіргі заманғы қыр көрсетулер шекара, ұлт және дін дегендерді таңда­майды және мойындамайды. Сондықтан іс-қимылдарымызды үйлестіріп және сәйкестендіріп оты­руға септесетін бірлескен шешім­дер қажет. ЕҚЫҰ халық­аралық проблемаларды ше­шуде тиімді ұжымдық қадамдар жасауды қамтамасыз етуге қабілетті”. ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо кездесу нәти­же­лері 1-2 желтоқсан күндері Қазақстанның астанасында өтетін алдағы ЕҚЫҰ Саммитіне айтар­лықтай үлес қосатынын атап көрсетті. Ол кездесуге қатысушы­ларды әріптес елдер үшін Саммит тақырыбын талқылауға үлес қосу мүмкіндіктерін қарастыруға, сондай-ақ айтылғандардан үйре­нетін бір нәрсе табуға шақырды. “ЕҚЫҰ мен жерортатеңізіндік әріптестер арасындағы тиімді және тығыз ынтымақтастық – бұл таң­дау мәселесі емес, бұл – қажет­тілік”, – деді ол. ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі басқа әріптестерінің құрамына Жапония, Корея Рес­пуб­ликасы, Тайланд, Ауғанстан, Моңғолия және Аустралия кіреді. “Егемен-ақпарат”.