“Нұр Отан” ХДП Ақмола облыстық филиалында Анталияда өткен “Әлемнің кішкентай аруы – 2010” халықаралық байқауында “Еуропа ханшайымы” атанып, еліміздің абыройын көтерген сегіз жасар Ботагөз Камерованың жеңісі құрметіне баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.
Көкшетау қаласындағы №12 орта мектептің үшінші сыныбында оқитын Ботагөз Түркияға жүрер алдында қалалық, облыстық, республикалық жүлделердің барлығын жеңіп алған. “Нұр Отан” партиясының облыстық ұйымы алыс шетелге Ботагөздің анасы Анардың қызымен бірге баруына қаржылай көмек көрсетіпті. Бұл бүлдіршіннің әлемдік сыннан сүрінбей өтіп, таңдаулы 70 қыздың ішінен топ жаруына демеу болғаны анық.
Бақберген АМАЛБЕК.
Ақмола облысы.