Мемлекет басшысының атына Шымкент қаласының тұрғыны С.Байтілеуовадан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
“Құрметті Президент! Сізге Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ ата-аналары атынан алғысымызды айтқымыз келіп отыр. 2009 жылы Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пилоттық жобамен “Демеу” мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылған болатын. Бір жыл ішінде “Демеу” оңалту орталығында бірталай мүгедек балалар ем алды. Соның ішінде менің балам Жақсылық Мәди де бар. Ол былтыр емделген болатын. Биыл да осы жерде ем алып жатыр. Осы орталықтан Мәди әріп танып, санауды үйреніп, орнынан тұра алатын дәрежеге жетеді деген үміттемін. Алдағы уақытта мұндай орталықтар көбейсе, жабылып қалмай, келер жылы да жалғасын тапса екен. Осындай орталықты ашқан Сізге Алланың нұры жаусын!”, – деп, ізгі тілегін білдірген хат авторы.