• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Маңызы жоғары кездесу

452 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 2010 жылдың 28 қазанында Эргнети/Дваниде өткізілген Кикілжіңдердің алдын алу және оған ықпал ету жөніндегі механизм (КАЫМ) аясындағы Грузия-Оңтүстік Осетия кездесуінің үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті. Аталған бағыттағы тұрақты кездесулер 2009 жылдың қазанында үзіліп қалған болатын. ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының созылмалы жанжалдар жөніндегі Арнайы өкілі Б.Нұрғалиев пен ЕО-ның Гру­зия­дағы Мониторингтік миссиясының басшысы Х.Хабердің бірлескен төрағалығымен Женева халықара­лық пікірталасының ХІІІ раун­дын­да қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Грузия атқарушы құры­лым­дарының лауазымды адамдары, Оңтүстік Осетия басшылығы, сон­дай-ақ Ресей шекара әскерлері Әкім­шілік бақылау желісінде (ӘБЖ) жағдайды ушықтыруға әсер ететін кикілжіңдердің алдын алу сала­сында өзара іс-қимылдарды талқылау басқосуын өткізді. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы КАЫМ аясында жер-жерлердегі тиісті құрылымдар арасындағы тікелей жұмыс бай­ла­ныстарын жүргізу ӘБЖ маңына жақын жатқан аудандардағы жағ­дайды тұрақтандыруға қол жет­кізуге мүмкіндік беріп, бірте-бірте тұрғындардың тіршілігін қалпына келтіру үшін жағдай туғызатынын көлденең тартты. Практикалық проб­лемаларды шешудегі ынтымақ­тастық мәселені саясаттандырусыз және алдын ала шарт қоюсыз жүзеге асырылуы тиіс, деп атап көрсетті Қанат Саудабаев. ЕҚЫҰ-дағылар Эргнети/Дванидегі КАЫМ аясындағы күн тәртібі бойынша үйлестірілген мә­селелерді тақырыптық талқылау­лар­ды қамтамасыз етуде үдеріске барлық қатысушылардың тұрақты негіздегі белсенді рөліне арқа сүйейді. Механизмнің толыққанды қызметі Женева пікірталасы аясын­дағы саяси мәселелерді шешу үшін сенім деңгейін арттырып, мүм­кіндігін кеңейтуге жол ашады. Қазақстан дипломатиясының басшысы ЕҚЫҰ ұсынып отырған өңірдегі гуманитарлық жобалар бой­ынша жұмыстарды серпінді ету қажет деп есептейді. Ол тиісті та­раптарды аталған мәселелерді қа­рас­тыруда жауапкершілікпен келуге шақырды. Мұның ЕҚЫҰ-ның Ас­тана Саммиті қарсаңында маңызы ерекше жоғары, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.